Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Философияның пайда болуы және дамуы

Автор:   •  Апрель 27, 2022  •  Реферат  •  1,992 Слов (8 Страниц)  •  898 Просмотры

Страница 1 из 8

Тақырыбы: Философияның пайда болуы және дамуы

философия-ежелгі ғылым және ол бізге көп нәрсені үйретті. Бұл ғылымның пайда болуы туралы көптеген көзқарастар ба болғанымен, оның адам өмірін, жан-дүниесін зерттеуде үлкен рөл атқарады.Философия-бұл жалпы сипаттамалар, шындық, адам болу принциптері, адам мен әлемнің қатынасы туралы білім жүйесі. Бұл білім мен ойдың барлық байлығы философияда жинақталған. Бұл бай ғылым бәрімізді ойлауға, мәселені әр түрлі жағынан зерттеуге, егжей-тегжейден бастап жақындауға немесе барлығын бөлшектерге бөлуге үйретеді. Енді нақтырақ айта кететін болсам, «философия» терминін атақты ежелгі грек математигі Пифагор (б.з. д. 570-490 жж.) ойлап тапқан. Математика оның жалғыз хоббиі ғана болмай, сонымен бірге пифагорлықтардың философиялық мектебін құрды. Пифагор даналықты Құдай күштерінің артықшылығы деп санады, даналықты жақсы көретін адам оған тек ұмтыла алады.

Философия барлық басқа ғылымдарға қарағанда әлдеқайда кең. Өйткені оның зерттеу пәні білімнің кез-келген басқа саласын зерттеу пәнінен өзгешеленеді. Философияның арқасында біз адамның қоғамдағы және әлемдегі орны мен рөлі туралы түсінікке ие боламыз. Осылайша, бұл ғылым бізге маңызды нәрселерді үйретеді, мысалы, өз мүдделерімізді шектелмеу, ашық болу , моральді жағынан адамды қолдау болып табылады. Философия дүниелік даналықтан, адамдардың көптеген ұрпақтарының тәжірибесінен пайда болды. Яғни, ол бізге осы жинақталған тәжірибені үйретеді.

Философияның ғылым ретіндегі объектісі - шындық  және оның күрделі қатынастарының жиынтығындағы адам. Осылайша, философия әлемді тұтастай, әлемді тұтас ретінде зерттейді. Ол адамның әлемге деген көзқарасын, оған қатысты қабылданған әлемді дағдылайды.

Философияның құрылымы:

Онтология - болмыс туралы ілім. Өз ішінен онтология бірнеше топқа бөлінеді: метафизика, болмыстың мәні туралы, болу формалары туралы, яғни (материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт) табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани, адамның, қоғамның болмысы жатады.

Эпистемология- ол да болмыс туралы ілім. Жалпы танымның басталуы, оның кезеңдері, деңгейлері, объектісі мен субъектісі туралы

Әлеуметтік философия -қоғам туралы философиялық ілім. Яғни, экономика, саясат, мәдениет, тарих философиясы. Жалпы айтқанда-философияның антропологиясы.

Қорытындылай кететін болсам, «философия» сөзінің мағынасынасының өзі грек тілінен аударылғанда  «филео» - махаббат және  «софия» - даналық.  Осылайша, философия даналыққа деген сүйіспеншілік деп айтуға болады.  Демек, философия адамзат қол жеткізген барлық білімді түсіну негізінде өз мәдениетін, өмірлік проблемалары мен құндылықтарын адамзаттың өзін-өзі тануының бір түрі деп айтуға болады, бұл бізге тарихтың сын-қатерлеріне жауап іздеуге және таным мен іс-әрекеттің алғышарттарын, теориялары мен әдіснамаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тақырыбы: Сана, рух және тіл

Сана - бұл идеалды құбылыс, функция, ерекше қасиет, жоғары ұйымдастырылған материалдық өнім. Яғни  адамның ойлау материалы.Бұл адамның қоршаған әлемнің шындығын, объектілерін, құбылыстарын, процестері мен байланыстарын керемет түрде түсіну қабілеті.

Рух - адамның өмір сүру тәсілінің өзіндік құнды, айқын және қажетті мағынасын ашумен байланысы. Ол әрбір адамның ойлау түкпірінде орын алатындықтан, кейбір адамда рух басқаша рөл ойнауы мүмкін.

Тіл - адам танымының дамуымен, тіл құбылысын, оның пайда болу проблемаларын, қызмет етуі мен мәдениетпен, қоғаммен және адаммен байланысын егжей-тегжейлі қарастыратын философияның зерттеу деп түсінемін.

Дерек Джонстон

Философияның қысқаша тарихы «Сократтан Дерридаға дейінгі»

Жалпы бұл кітапта философияның біріңғай қабылданған анықтамасы жоқ. Кітаптың ең басындағы кіріспе бөлімінде осындай сөздермен басталады. Яғни философияның бірнеше негізгі тармағын бірнеше кезеңдерге бөле отыра, баяндайды. Бұл кітап жалпы әлемге танылған он ес философ туралы баяндацды. Олардың әрқайсысының өмірінде жасаған игі істері мен өміріздің өзгеруіне қалай ықпал еткені туралы толық мазмұнын ашып береді. Философиялық көқарастарын анық айта отыра, бір-бірімен қайшы келетін анықтамаларын да алдыға тартады. Ал автор неге он бес философты таңдады десеңіз, ол кісі таңдау кезінде үш өлшемді қолданған. Біріншісі, Батыс дәтсүріндегі алып, ұлы философтар. Әрине, олардығ барлығын қамту мүмкін емес болғандықтан, автор тек он бес философты жанына жақын тартты. Екіншіден, оқырмандар яғни біз үшін философияның негізгі бағыттарын

...

Скачать:   txt (29.1 Kb)   pdf (161.9 Kb)   docx (17.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club