Тіс жегі-себептері,оныңалдын алу шаралары
Автор: shabarova • Октябрь 9, 2018 • Реферат • 2,228 Слов (9 Страниц) • 2,288 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
М.Козыбаев атындағы СҚМУ
Реферат
Тақырып:Тіс жегі-себептері,оныңалдын алу шаралары
Орындаған:Шабарова.Г.Қ
Қабылдаған:Нусупова.А.Ж
Петропавл 2016
Жоспар
1.Кіріспе
2.Тіс жегі
2.1.Этиологиясы мен патогенезі
2.2. Тіс жегі кеселінің пайда болуы туралы көзқарастар.
2.3. Тіс жегінің клиникалық белгілері
2.4. Тіс жегінің алдын алу
3.Қорытынды
1.Тіс (dentes) — адамның және омыртқалы жануарлардың ауыз қуысында (кейбір балықтардың жұтқыншағында) орналасқан сүйек. Тіс азықты ұстау, тістеп үзу, шайнап, ұсақтау қызметін атқарады. Тістің сауыты, мойыны, түбірі болады. Сауыт пен түбірді қызыл иекке жалғасатын мойынша (түп) бөліп тұрады. Тіс негізінен дентиннен құралады, оны сауыт жағынан тісті зақымданудан қорғайтын қатты жылтыр эмаль, ал түбір жағынан – құрылысы сүйекке ұқсайтын цемент жауып тұрады. Тістің іші қуыс, онда тіс ұлпасы орналасқан. Ұлпаға қан тамырлары, лимфа және жүйке талшықтары тіс түбірінің ұшындағы қуыс арқылы өтеді. Ересек адамның тұрақты 32 тісі болады. Ауызда жиі кездесетін ауру – тіс жегісі (кариес).
2.Тіс жегі- тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы; өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен стрептококк бактериясы әсер етеді. Бактериялардың әр түрлі тәтті тағамдарды көп жегеннен қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар тіс кариесінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау (тамақта көмірсудың көп болып, белок, витамин, кальций және фосфор тұздарының жетіспеуі), тісті дұрыс күтпеу өз әсерін тигізеді. Ауру тістің сыртында кішкене ақ дақтың пайда болуынан басталады. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, процесс тіс қуыстарының жұмсақ тіндеріне таралып, тістің эмалі босап, жұмсара бастайды. Тіс, әсіресе, тәтті не қышқыл тағам жегенде ауырады. Ауырған жерде тістің дентині шіріп, ойылады. Осы кезде емдемесе, одан әрі тіс ұлпасы (жүйкесінің ұшы) зақымдалып, ойық тереңдей түседі, соның салдарынан пульпит ауруы (тіс ұлпасының қабынуы) дамиды: Кариестің одан әрі асқынуы салдарынан тіс айналасындағы тіндердің (периодонтит) және сүйек қабығының (периостит) қабынуы мүмкін. Асқынудың аса ауыр түрлері: жақ сүйегінің қабынуы (остеомиелит), сонымен қатар жақты жауып тұратын жұмсақ тіндердің едәуір мөлшерде іріңдеуі (абцесс, флекмона) байқалады. Егер кариес қуысында тамақ қалдығы қалса, ол жерге микроб жиналады. Мұндай тіс – жұқпалы аурулардың көзі: бадамша безіне бактериялар түсіп, жиі-жиі баспаға ұшыратады. Одан басқа жиі кездесетін тіс аурулары: пародонтит, қанжел (пародонтоз), онда тіс түбірлері жалаңаштанып, оларда тіс тасы орнығады, қызылиек қабынады, іріңдеп, ақырында тіс босап, түседі.
2.1.Этиологиясы мен патогенезі.Тіс жегісінің негізгі себебі болып оның қатты тіндерін бүліндіретін тістердегі таңдақтардың микроорганизмдері есептеледі. Олардың іштерінде стрептококтардың А тобына ерекше маңыз беріледі.
Қазіргі адамдардың қоректену ерекшеліктері жануарлардың даму сатысында қалыптасқан тістер мен жақ жүйесінің құрылымдық және қызметтік талаптарына сәйкес келмейді. Тағамның алдын-ала ұнтақталудан өтуі тістерге түсетін жүктемелерді азайтса, температуралық өңделуі, оның көптеген бөлшектерінен (минералдық заттардан, фтор, кальций, амин қышқылдарынан, витаминдерден) айырылуына әкеледі. Сонымен қатар, тағамда жабысқақ көмірсуларының артық болуы тістерде таңдақтардың пайда болуына және оларда микроорганизмдердің жиналып, өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туындатады. Осы көрсетілгендермен бірге тіс жегісі дамуында қазіргі адамдардың жалпы гиподинамиясы мен шайнау бұлшықеттерінің аз күш-қуат жұмсауының маңызы үлкен. Осыдан тіс жегісі дамуы жиілейді. Бұл айтылғандар ғылыми тәжірибелерде дәлелденген. Мәселен, көмірсулары көп заттармен қоректендіру арқылы егеуқүйрықтарда және атжалмандарда тіс жегісінің дамуы жиілейтіндігі байқалды.
...