Т.Кунның «ғылымдағы дəстүрлер концепциясы»
Автор: saya-ust • Ноябрь 24, 2024 • Реферат • 1,996 Слов (8 Страниц) • 16 Просмотры
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША №2 МӨЖ
Тақырыбы: Т.Кунның «ғылымдағы дәстүрлер концепциясы» туралы эссе-негіздеме
----------------------------------------------------------------------
Орындаған:
«Ғарыштық техника және технология» мамандығының
1 курс магистранты
Мергенбай Жансая
--------------------
Тексерген:
Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы
саяси ғылымдарының кандидаты, доцент
Алматы, 2024
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ғылымдағы дәстүр мәселесі және оның рөлі 4
2 Т.Кунның «ғылымдағы дəстүрлер концепциясы» 7
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11
Кіріспе
Ғылымдағы дәстүрлер – бұл ғылыми білім мен тәжірибенің ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, тексерілген және нақты ғылыми қауымдастық тарапынан қабылданған қағидалар мен әдістер жүйесі. Ғылымның тарихында дәстүр ғылыми білімнің тұрақтылығы мен оның дамуының негізі ретінде маңызды рөл атқарады. Дегенмен, ғылымдағы дәстүр мәселесі ғылымның кейбір жағдайларда консерватизмге бейімделіп, жаңа идеяларды қабылдауда қиындықтар тудыруы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл философияда бірнеше маңызды тұжырымдамаға әкелді.
Ғылыми дәстүрлер бұрыннан қалыптасқан қағидалар мен әдіснамаларды сақтап, жаңа зерттеулерге негіз бола отырып, ғылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Дегенмен, ғылымда жаңалықтар мен өзгерістер орын алған сайын, дәстүрлі көзқарастар сынға түсіп, жаңа парадигмалардың қажеттілігі туындайды. Осы мәселені терең түсіндіруде Томас Кунның «Ғылыми революциялардың құрылымы» еңбегінде сипатталған ғылымдағы дәстүрлер концепциясы маңызды рөл атқарады. Бұл эссе-негіздеме Т.Кунның концепциясы мен ғылымдағы дәстүрлер мәселесіне байланысты негізгі ұғымдар талданады.
1 Ғылымдағы дәстүр мәселесі және оның рөлі
Дәстүр – ұрпақтан ұрпаққа жалғас алатын әлеуметтік пен мәдени мұраның элементтері. Ғылымда дәстүр дегеніміз, ғылыми танымда жалпы қабылданған білімдер, нормалар мен идеалдар жүйесі. Нақты түрде ол ғалымдар арасында бір дәлелденген теорияның, ережелер мен нормалардың адекваттік түрі бойнша қабылдау келісімі, конвенциясы. Дәстүр ғылымда шығармашылық процесті бақылау мен меңгеруді өткізетін ережелерді сақтауға арналған консерватизм позициясын тұрақтандырады. Консерватизм сол себепте дилетантизм мен компентенциясыздыққа жол жабады. Осылар арқылы «нормалы ғылым» өзінің өмірін атқарады, - дейді Томас Кун [1].
Бірақ, дәстүр әрқашанда жаңалыққа да жол қалдыру керек. Себебі, ғылымның жаңалығы таза ақ қағаздан басталмайды, оның қалыптасқан негізі бар; яғни, жиналған білім, әдет пен икем қайта өндірілу керек.
Ғылымдағы дәстүр – бұл уақыт сынынан өткен және ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалған теориялар, әдістер, қағидалар мен зерттеу тәсілдері жиынтығы. Дәстүрлер ғылымның негізгі тұрақтылық элементі ретінде оның дамуын қамтамасыз етеді. Олар ғылыми қызметке бағыт беріп, зерттеулердің жүйелілігін және сабақтастығын қалыптастырады [2].
Ғылымдағы дәстүрдің басты міндеті – білімнің сабақтастығын қамтамасыз ету. Ғалымдар алдыңғы зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, өз жұмыстарын жүргізеді. Дәстүрлердің арқасында жаңа зерттеулер бұрыннан белгілі деректер мен әдістемелерге негізделеді, бұл білімнің біртұтас құрылымын сақтап, оны толықтыруға мүмкіндік береді.
Ғылымдағы дәстүрлер тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, зерттеушілер үшін сенімді негіз болып табылады. Олар ғылыми әдістерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады және уақыт өткен сайын жаңаша сипат алуы мүмкін. Мысалы, классикалық механикадағы дәстүрлер заманауи физиканың дамуында шешуші рөл атқарды.
...