Ортағасыр философиясының негізгі мәнін сипаттаңыз
Автор: Attkz04 • Апрель 5, 2023 • Реферат • 2,178 Слов (9 Страниц) • 212 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
[pic 1][pic 2]
Факультет: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедра: «География,жерге орналастыру және кадастр»
СӨЖ
Тақырыбы: «Ортағасыр философиясының негізгі мәнін сипаттаңыз»
Орындаған:Тулеуова А.А 5-топ
Тексерген:Сулейменов П.М
Алматы 2022
МАЗМҰНЫ
- Ортағасырлық философияның ерекшеліктері............................
- Ортағасырдағы философияның кезеңдері.................................
- Уильям Оккам ұстарасы.............................................................
- Ортағасырлық философияның ерекшелктері
Тарихшылар Орта ғасырларға Көне Рим империясының құлауынан бастап, Қайта Өрлеу (Ренессанс) заманына дейінгі (V ғасырдан XIV ғасырға дейін) уақытты жатқызады. Яғни бұл заман – құлиеленушілік қоғамның дүниеден кетіп, оның орнына феодалдық қоғамның келіп өмір сүрген уақыты. Демек, оның негізі – белгілі өндіріс тәсілінің орнауында. Философтар бұл мәселеге біршама басқаша қарайды. Олардың ойынша, Орта ғасырлар Еуропа топырағына христиан дінінің пайда болуымен бірге келіп, Қайта Өрлеу заманына дейін созылды. Ал мұның өзі бірқұдайлыққа (монотеизм) көшуменен, философияда адам және Құдай мәселелерінің бірінші орынға көтерілуімен байланысты.
Сөйтіп, тарихшылар Орта ғасырларды 1 миллениумға (мыңжылдық) теңесе, философтар оны 1.5 мың жылғы уақытқа дейін созады. Көп жылдар бойы Орта ғасыр философиясына көңіл бөлінбей,оны тек бір екі ауыз сөзбен қысқаша айтып өтіп кететінбіз. Орта ғасырлар тарихта кері қалып қалған, діни жағынан түнекке кеткен, бір қаққан қазықта тұрып қалу,алға баспау,ғылым мен техникалардың дамымауы,адамдардың физикалық көбіне моральді яғни рухани езгіге ұшырауы,еркін ойлаудан қалып,ерікті ойдың қудалануы және өндіргіш қызметтердің тұралап қалуы суреттелген болатын. Мұның басты себебі – Кеңес заманындағы Орта ғасырларды атеистік (құдайсыздық) идеологиясының дамуы мен сол тұрғыда үгіттеудің мол болуы мен оны сынау, бағалау болды.
Бүгінгі уақытта біздер Орта ғасырлар дәуіріне өте үлкен назар салып,қызыға қарап жатырмыз. Әрине, әңгімені өндіргіш күштерден бастасақ,құлдық қоғаммен бұны салыстырғанда алдыға қарай жылжу әлдеқайда байқалады.Мысалы шаруалар байларға тіркеулі болғанымен,әр адамның отбасы,малы,жері болды.Олар жартылай тәуелді адамдар еді.
Ғылым мен техникада да белгілі жаңалықтар орын алды. VI ғасырда Қытайда фарфор өндірісі дами бастады. Бұл елде 1041 ж. алғашқы баспа дүниеге келіп, кітаптар басылып, шараптан спирт шығарыла бастады. 1010 жылы Солернода (Италия) алғашқы медициналық мектеп ашылды. ХII ғ. ауыр соқамен жер жырту басталды, компас дүниеге келді.
1215 ж. Париж университетінің жарғысы жарияланып, 1222 жылы Падуя (Италия) қаласында университет ашылды (салыстыр: Ресейде – 1725 ж., Қазақстанда – 1934ж.). ХIII ғ. аяғында көзілдіріктер шыға бастады. Осыдан кейін механикалық сағаттар жасау қолға алына бастады. 1320 жылы күкіртпен атылатын үлкен зеңбіректер пайда бола бастады.Осылардың барлығы сол кездегі қоғамның алға жылжуын көрсет отырып, жаңа дүниелермен адамдарды таныстыра бастады. Ал Ортағасырдағы рухани ахуалға келетін болсақ, ондағы ғажап өзгеріс яғни – адам өзінің ішкі жан дүниесінде рухты тауып, өзінің Құдаймен байланысты пенде екенін аңғарады. Мұның өзі философияға жаңа тыныс берген секілді. Ол – сенім шеңберіңдегі философия, рух саласын зерттеу философиясы болып табылады.
Еуропа топырағында бұл заманда дүниеге келген философия, негізінен, діни көзқарасқа жақын, екінші жағынан, адам тағдыры, ел қандай болуға тиіс т.с.с. мәселелерді қамтыды. Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі – монотеистік (бірқұдайлық) көзқарастың негізін жасау. Ертедегі адамдар Құдай біреу ме, әлде бірнешеу ме деген ой қалыптастырады.Сол кездері бірқатар ғалымдар қате тұжырымдамалар жасайды.Мысалы Әлемнің бірінші ұстазы Аристотель аспандағы сан жетпес жұлдыздарды құдайлықпен теңесе, Плотин болса аспан әлемін яғни ғарышты «Көрінген Құдай» деп есептесе,енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе жоқтығын айтады.
...