Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ортағасырлық Батыс Еуропа философиясы. Патристика және схоластика. Теология

Автор:   •  Ноябрь 17, 2021  •  Реферат  •  651 Слов (3 Страниц)  •  854 Просмотры

Страница 1 из 3

,

Ортағасырлық Батыс Еуропа философиясы. Патристика және схоластика. Теология

 Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы. Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақыл-ойын христиан дінінің қасаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды. Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, таралуына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне бай-ланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. 1. б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды. 2. III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі. 3. Схолистикалық кезең

Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл- парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау. Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.

 Патристика (лат. Pater-әке) –2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин. Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық "мектептік философия, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңге бөлінеді:

схоластика (ІХ – ХІІ ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.; ә) Кемелденген схоластика (ХІІІ ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, []философиялық теология ілімі]] қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.; б) Құлдырау кезеңі (ХІV – ХV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың қосақиқаттылық тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б..Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған.

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (70.2 Kb)   docx (214.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club