Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Батыс Еуропа феодализм дәуіріндегі медицинаның дамуы

Автор:   •  Май 13, 2020  •  Лекция  •  972 Слов (4 Страниц)  •  1,476 Просмотры

Страница 1 из 4

№ 10 дәріс. Батыс Еуропа феодализм дәуіріндегі медицинаның дамуы


Ерте және дамыған орта ғасыр медицинасы (V - XV ғғ.)

476 ж. Рим императоры Ромул Августулдің биліктен кеткен жылы. Осы жылмен Еуропадағы құлиеленушілік қоғамның құлап феодалдық бастапқы кезеңдерін байланыстырады. Феодализмдік қоғамда басты идеологиялық институт шіркеу болып саналған. Шіркеуге барлық өңделген жердің үш бөлігі қараған. Одүниеге барғанда жандарын күту үшін манастрлерге және епископтарға : алтын, күміс, 
шаруалар, байлар мүліктерін қалдырған. ХІ ғ. ортасына дейін христиан шіркеуі біртұтас болған. 1054 ж. Батыс немесе католиктік және шығыс немесе провославиялық болып екіге бөлінген.

Батыс Еуропадағы алғашқы ауруханалар манастрь қарамағында ашылған. Манастрьлерде дәрілік шөптер өсірген, дәрілерді жасайтын және сақтайтын бөлмелер болған. Олардың ішінде Лионский (VI ғ) және Парижде (VIІ ғ), «Отель дье» Францияда болған. Медицинаны дінмен байланыстыратын манах дәрігерлер ғылыми ойдың дамуын тежеген. Мидицина аймағында Голен атақты дәрігер болған. Орта ғасырлардағы схоластикалық дін Галеннің анатомия және физиологиядағы жетекші эксперименттерін жасаған, оның толық зерттелмеген адам организіміндегі процесстер туралы ғылымдары схолостикалық медицинаның негізі болған. Осылай Галеннің тәжірибелерін бір жақты түсінетін Галенизм дамыған.


Ерте орта ғасырлақ қалалардың санитарлық – техникалық элементтері болмаған. жұқпалы аурулар жайылмаған, сондықтан холера және оспа эпидемиялары кезінде ілім көп болған.

Қол өнермен сауданың дамуына, экономикамен мәдениеттің қажеттілігіне байланысты Болоньеда, Оксфордта, Лиссабонда, Прагада университеттер ашылған. Орта ғасырлық университеттерде сабақтардың жүргізілуі дипламатикалық сипатта болған.

Батыс Еуропадағы анатомиялық кітап 1316 ж. Мондино де Луччи екі мәйітті зерттеу арқылы жазған және ол толық компиляциямен аяқталған. Ги де Шолиаканың хирургия кітабы Батыс Еурапаға кең тараған(ХІV ғ). Орта ғасырлық Еуропадағы медицина күрделі және қолайсыз жағдайларда дамыған. Соған қарамастан сол кезде медицинаның жаңа өркендеу кезеңі басталған.

Қайта өркендеу дәуіріндегі медицинаның дамуы

Өрлеу кезінде ұзақ саяхатқа шықпаған 4 немесе 5 тілде сөйлейтін шығармашылықтың бірнеше түрінде атағы шықпаған бірде-бір адам болмаған.

Леонардо да Винчи (1452-1519) ғылымдағы тәжірибелік әдістерді ұсынған, Еуропадағы ең алғашқы рет адамның мәйітін аша бастаған. Атақты живопистің, механиктің, инженерлердің анатомиялық суреттердің көптеген оның еңбектерінің алдынғы қатарында тұрған. Ол өзінің еңбектерін тірі кезінде жарыққа шығармаған.

Шынайы ғылымдардың дамуында ағылшын философ Френсис Бэконның қосқан үлесі зор. Ол ағылшын материализм мен экспериментальдық ғылымның негізін қалаушы.

Ф.Беэон мен француз ғалымы Рене Декарт (1590-1650) рефректорлық доға жобасын, барлық нервтарды орталыққа таратылатын және орталықтан тебілетін деп екіге бөлген. Өрлеу кезеңінің атақты дәрігері және химигі Парацельс (1493-1541) дәрілік заттарды дайындау үшін алтын іздеу жолында химияға жолдама жасаған. Парацельс медицина негізінде тәжірибе жатыр тәжірибесіз білім жоқ деген. Ол дәрілердің мөлшерін ашқан.

Теофраст Парацельс медицина реформатыры болған. Парацельс атын өзі-өзі жас кезінде қойған. Парацельс Швейцариядағы Эйнзидельне қаласында туылған. Оның әкесі үлкен тәжірибеге ие болған және мектепте ұстаздық еткен. Парацельс медициналық білімді Фераре университетінде алған. Парацельс Еуропаның барлық қалаларына сонымен қатар Литва, Белорусия, Батыс Украина, Мысырда саяси хат жасаған. Ол саяхат кезінде сол елдердің университеттерімен медициналық мектептеріне барып қана қоймай, сонымен қатар сол елдердің халықтық медицинасын үйренуге тырысқан.1523 ж ол өз отаны Базель қаласына ең күрделі және ең қатерлі сырқаттарды емдей алатын атақты дәрігер болып оралған.

...

Скачать:   txt (14 Kb)   pdf (90.6 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club