Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ойлау мәдениетінің пайда болуы

Автор:   •  Февраль 14, 2022  •  Реферат  •  3,479 Слов (14 Страниц)  •  1,310 Просмотры

Страница 1 из 14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ        

             « М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

                                         Филология факультеті                        

                                   6В02310-"Филология"қазақ тілі
                                                 Философия

  БАЯНДАМА

           Тақырбы:Ойлау  мәдениетінің  пайда  болуы

                                                                               Орындаған:СейітбекАружан
                                                                      Қабылдаған:ЖолдыбаеваМадина
                                                                      Тобы:Фи-20-5к

                                                      2021-2022

                      Ойлау  мәдениетінің  пайда  болуы

           Ойлау –  объективті  шындық  белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы,  дүниенітану  менигерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.   Ойлау формаларымен құрылымдарын да адамзаттың бүкіл танымдық және  тарихи-әлеуметтік  тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттармен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттарымен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастарымен байланыстарын толықтай ашып береа лмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен әрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдарымен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып,  соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгерте дін және өзіде өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылық пен дамып отырады.  
Ойлау тарихы адамның  пайда  болып, дамуының  тарихымен  байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлаумен  тіл  өзара терең  байланыста, тіл – адам  ойлауының құралы.  Адам  ойы  сөз  арқылы   өрнектеледі, сөздің аржағында ой жатады. Сөз бен  ойды теңес тіруге болмайды, алайда сөз сіз ойлау іске аспайды, ойайтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды  үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбыст алған ой деуге  болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылыматематика тілінемесенақтылы-бейнелі «өнертілі») арқылыда  іске асады. Ойлау күрделі тарихи –әлеуметтік құбылыс  болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, танымтеориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер  қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі  зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әртүрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік  және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т. б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әртүрлі ілімдер орыналған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты  құралының  бірі, адам  еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып  табылады
.
Ойлау психологиясы арнайы түрде XX-шы ғасырда ғана жасала бастады.Осы уақытқа дейінүстемдік еткенассоциативтік психология барлық психикалық процестер ассоциациялар заңы бойынша өтетін және сананың құрылуы аз не көп күрделі комплекстердің ассоциациялары арқылы біріктірілген қарапайым сезімдік түсініктерден тұратын ережеден бастау алады.
Сондықтан да ассоциативтік психология өкілдері ойлауды арнайы зерттеуді қажет деп таппады: олар шынында да оны өз теориясының алғышартынан құрастырды.
Ұғымдар түсініктермен ұқсастырылды және белгілердің ассоциативті байланысқан жиынтығы ретінде тұжырымдалды: пікірлер түсініктердің ассоциациясы ретінде; ой қорытындысы–оның тиянақтарына қызмет ететін екі пікірдің арасындағы ассоциация ретінде және одан шығатын үшінші түсінік ретінде қарастырылды. Бұл тұжырымдама Д. Юмнан басталады. Ол XIX ғасырдың соңынан бастап үстемдік еткен болатын.
Ойлаудың ассоциативтік теориялары.
Құрылымдық психологияға сәйкес жеке сезімдік елестер психологиялық тәжірибенің бастапқы элементтері болып табылады. Осындай жеке сезімдер елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрастылық, уақыт пен кеңістікте сәйкес келу сияқты аасоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтік психологияда ойлау сезімдік елестердің ассоциациясы ретінде түсініледі. Бұл бағыттардың психологтардың негізгі қойған міндеті– ойлаудың белгілі логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсіндіру. Ұғымдардың қалыптасуы елестерді ассоциациялау барысында жүзеге асады деп есептелінді. Пікір ұғымдарды ассоциациялау, ал ой қорытындысы пікірлердің ассоциациялау нәтижесі ретінде түсіндірілді.
Осылайша, мәнді мен жалпының арасына теңдік белгісін қою тұтас аcсоцианизмге тән құбылыс болды. Бұл бағыттағы теоряиларға келесі тұжырымдар енді:
Г. Мюллердің “диффузиялық репродукциялар” теориясы. Берілген тұжырымдамаға сәйкес, екі (немесе одан да көп) елестердің үйлесімі былайша қалыптасады: субъекте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер тәрізді басқа елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дәл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).
Ойлау үйрену ретінде. Бұл жерде талдаудың негізгі элементтері болып, қозғалыстық реакция және оларды үйлесімге келтіру заңдылықтары бөлініп шығады. Жаңа стимул–реакциялық байланыстар, яғни шартталу механимздері инттелектуалдық мінез– құлыққа тән емес. Сондықтан ойлау бұл жерде үйрену, интеллектуалдық практикалық міндетті шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Ассоциативті теория ойлаудың мазмұнын түйсінудің сезімдік элементтеріне апарады, ал оның өту заңдылықтарын ассоциативті заңдарға апарады. Бұл екі жағдай да жарамсыз. 
Ойлау өзінің сапалы ерекше мазмұны мен өтудің сапалы ерекше заңдылықтарына ие. Ойлаудың ерекше мазмұны ұғымдарда көрінеді; ұғымдар түйсінулер немесе түсініктердің ассоциативті байланысқан қарапайым жиынтығына апарылмауы керек.
Тура сол сияқты ойлау процесінің өту заңдылықтарын ассоциативті процестерді (кеңістік пен уақытта араласу бойынша ассоциация заңдары) анықтайтын ассоциативті байланытсрамен заңдарға апарылмауы керек.
Ойлау процесінің ассоциативті процестен ең бірінші маңызды айырмашылығы мынада, ойлау процесінің өтуі өзінің санадағы заттық мазмұнының байланыстарымен азды–көпті адекватты бейнелегендермен реттеледі; ассоциативтік процесс тек қана кеңістікте және уақытқа араласу бойынша ұғылмаған байланыстарды алған субъектінің мәліметтерімен немесе кездейсоқ субъективті әсерленулерімен ғана анықталады. Әр бір субъектіде олар сол заттар үшін қаншалықты маңызды екендігіне қарамастан, сол әсерлену мәліметтері қаншалықты біріктірілгеніне қарамастан қабылданады. Сондықтан да, ассоциативті байланыстар танымның әлі жетілмеген сатысы болып табылады. Онда тек қана мәнді байланыстар ғана бейнеленеді, және әрбір жеке жағдайда ассоциациялар кездейсоқ сипатқа ие болады.
Ассоциациялық процесте процестің өтуін объективті анықтайтын қатынастар мен байланыстарды субъект заттық мазмұнның байланысы ретінде ұғынбайды. Сондықтан да процестің мазмұны танымдық қатынаста субъективті, және сонымен қатар оның өтуі автоматты турде субъектіден тәуелсіз болады; субъект оның өтуін реттемейді. Ассоциативті процесте субъектіге тәуелсіз бірқатар субъективті түсініктер өтеді; ассоциативті процестің мақсатты бағыты жоқ.
Әрбір түсінік ассоциациялар бойынша кез келген түсінікті шақыра алады, олар өздерінің қатысыуымен кеңістік немесе уақытша араласуларда көрінеді, ал мұндай түсініктер әдетте көп болады. Ассоциативті шақырылған түсініктердің әрқайсысы өз кезегінде ассоциациялардың әр түрлі жақтарына тарап кететін бастапқы нүктесі болып табылады.
Сонымен, алғашқы және соңғы түсініктер арасындағы байланыстарға негізделген ассоциациялар бір жақты емес: процесс бағыттылықтан айырылады, онда оны ұйымдастыруды реттеп, отыру деген болмайды. Мысалы, кездейсоқ келген ойлар әр жаққа шашырап, үзіле берсе, олар бір затқа қатысты жинақылықты және шоғырланған бағыттылықты талап ететін ойлау жұмысынан шығып қалады, сөйтіп біз шешіп отырған міндетте өз “ойымыздың адасуға, шаршауға әкелеміз және кездейсоқ армандарымыз да ыдырайды; алайда осы армандарда ассоциациялардың қарапайым тізбегіне қарағанда бағыттылық көп болады”. Ойлау процесінде ассоциацияның осы механизмнің әрекетін “шашыраңқылық” жағдайымен түсіндіруге болушы еді, алайда ойлау операцияларының бірізді жүру барысында ойлау операциялары реттелген, дұрыс өту барысынан, оның жолынан ойды ауытқытып, кездейсоқ ассоциациялар бойынша шыға келген бейнелер пайда болады.
Сөйтіп, жоғарғы ойлау процесі және қарапайым ассоциативтік процестердің өту сипаты бір–бірінен мәнді айырмашылығы болады, сондықтан да екіншіні біріншісіне апару мүлдем дұрыс болмайтын еді.
Ассоциативті теорияның алғашқы алғышарттарынан бас тартпай ойлау процесінің бағытталған сипатын түсіндіру үшін, ол бойынша барлық ойлау процестері сезімдік деректер мазмұнын өндіретін репродуктивті сипатқа ие болады деген көзқарасты ассоциациялармен қатар осы теорияны жақтағандар 
персеверацияны (Г. Мюллер), пайдалануға тырысты. Персеверация тоқтау түсінігі бағытында көрінеді, әрбір жолы біздің түсініктердің өту барысына қайтадан кіреді. Сөйтіп, адамның артынан қандай да бір мотив ілесіп қалмайды. Жабысқақ идеялар персеверацияның соңғы патологиялық формасын көрсетеді.
Ойлау бағыттылығын түсіндіру үшін персеверативті үрдісті пайдалану талпынысы Г. Эббингауздың формуласынан айқын көрінді: “реттелген ойлау –бұл идеялардың секірісі және жабысқақ түсініктердің арасындағы орташа бір нәрсе деп айтуға болады”. Сөйтіп, ойлау екі патологиялық күйдің теңдей әрекет етуші түрінде түсіндіріледі – оны түсіндіру жүзеге асатын негізде осы теорияның алғышарының ойлаудың табиғатына сәйкес келмеуінің айқын дәлелін көреміз.
Адамның психикалық өмірінің әмбебап заңдылықтары ассоциация принципімен байланысты. Ассоциацияның негізгі заңы: ассоциация жиі қайталанған сайын, дұрыс әрі берік болды.
Ассоциацияның төрт негізгі түрі бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе кеңістіктік іргелестік бойынша, қатынас бойынша.
Ассоциациялардың заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн, Т. Цигень және т.б. еңбектерінде зерттелінді. Бұл жерде ассоциация психикалық бірлігі және түсіндіруші принципі ретінде қарастырылды. Ассоциациялар ойлау белсенділігін түсіндіре алмай, оларды априорлы, яғни ассоциацияларға тәуелсіз ақыл–ойдың туа біткен қабілеті деп білген. Бұлар да рационалдық сезімдікке баланып, субъекттің іс-әрекет белсенділігі талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердің ырықсыз ілесуі кез келген ақыл-ой процесінің жүзеге асу типі ретінде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердің пайымдауынша, ойлау–ассоциацияларды жинау процесі.

...

Скачать:   txt (47.4 Kb)   pdf (184 Kb)   docx (19 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club