Ойлаудың философиялық түрі сын және күмәндау ретінде
Автор: lena789 • Сентябрь 10, 2022 • Эссе • 431 Слов (2 Страниц) • 261 Просмотры
“Ойлаудың философиялық түрі сын және күмәндау ретінде”
Дүниені танып білуге деген қызығушылық философияның пайда болуына түрткі болды. Философия сөзінің өзі грек тілінен аударғанда “даналыққа құштарлық” деген мағынаны береді. Философия пәні ойлаудың жалпы заңдары болып табылады. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады. Ойлау-адамның санасында өтетін күрделі және көрінетін іс-әрекеттер көрінбейтін процесс. Философиялық ойлаудың мәселелері тікелей объективті әлемге қатысты. Философиялық ойлаудың негізгі белгісі ақылға (рационализм), күмәндануға, универсализмге сүйену болып табылады. Философиялық ойлау жүйелері: Сын тұрғысынан ойлау және Философиялық күмәндану.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі. Дэвид Клустер, АҚШ профессоры, сыни ойлауды былай деп анықтайды:
- Сыни тұрғыдан ойлау бұл – өзіндік, жеке ойлау;
- Сыни тұрғыдан ойлауда ақпарат тұйықталушы емес аттандырушы пункт болып табылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;
- Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау – әлеуметтік ойлау.
Сыни ойлау» ұғымында «сынау», яғни «кемшіліктерді айқындау» мағынасы жоқ. Сыни ойлаудың мәнін «байыбына үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «екшеп-текшеп, жан-жақты қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның жауабын іздестіру» деп те келтіруге болады.
Философиялық күмәндану - бұл қателесуден сақтайтын талдаулық әдіс, оның негізгі мазмұны - абсолюттік ақиқатқа үміттенген кесімді пікірден бас тартуда. Күмәндану әдісі пікірлердің ақиқаттығын сыни тұрғыдан тексеруге мүмкіндік береді.
...