Менің пәнге, философияның мәні мен міндеттеріне көзқарасым
Автор: Инкар Мейрамхан • Ноябрь 9, 2019 • Эссе • 1,955 Слов (8 Страниц) • 4,329 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Геодезия және құрылыс» кафедрасы.
СӨЖ
Эссе: Менің пәнге, философияның мәні мен міндеттеріне көзқарасым
Глоссарий: Ежелгі Шығыс философиясы(Үнді, Қытай, Грек философиясы)
Орындаған: Мейрамхан І.М
Тексерген: Камиева К.Р
Тобы: ГК-811
Семей қаласы
2019 жыл
Эссе
Менің пәнге, философияның мәні мен міндеттеріне көзқарасым
Философия – нағыз даналықтың ғылымы. Дәрежесі биік ғылымдардан да жоғары тұрған ғылым. Мен бұл пікірге толық келісемін деп айта аламын.
«Ғылымдардың ғылымы» саналатын философияның адам өміріне, бүкіл қоғамға үлкен өзгерістер енгізді деп ойлаймын. Яғни, қарапайым адамның ақыл – ойы жете бермейтін, сондай-ақ кез келген ғылым саласы түсіндіре алмайтын мәселелердің шешімін тапқан – осы философия ғылымы. Философия ғылымының ұлылығы сонда – ол белгілі бір сұрақ төңірегінде ғана жауап іздеген жоқ. Барлық ұлы философ – ойшылдар адам мәселесін басты назарға алып, сонымен қоса, адамзат қоғамының құндылықтарын, ғылым мен білімді, жалпы адамның дүниетанымын қарастырды. Адам болмысының қалыптасуы, оның тәні мен жаны, бейболмысы, сана, тіл, тағдыр, кез келген іс – әрекеті барлығы да философия ғылымында қарастырылады.
Философияны жоғарғы деңгейдегі ғылым десек те, қоғамда оны ғылым ретінде танымайтын, ғылымға санамайтындар да кездеседі. Менің ойымша, ол да орынды. Себебі, жоғарыда айтқанымдай, философияның нақтылы түрде зерттейтін саласы жоқ, таза күйдегі ғылыми білім емес. Олардың ойынша, философия тек болжамдар мен теориялық заңдылықтарға ғана сүйенеді. Бірақ, көптеген философтар бұл пікірді теріске шығарып, өз дәлелдемелерін ұсынды. Яғни, философияның да басқа ғылымдардағыдай пәні, зерттеу әдістері бар.
«Бірақ бізге бұл ғылымды игеру қажет пе?» деген сұрақ туындайды. Менің жауабым – әрине, иә. Біріншіден, Ұлы грек философы Сократ: « Тексерілмеген өмірді сүрудің мәні жоқ.» - деп айтқан болатын. Яғни, біз философиялық білім арқылы өз өмір жолымызды тексеріп, дұрыс емес тұстарын түзеп, дұрыс өмір сүре аламыз деп ойлаймын. Екіншіден, әртүрлі ойландырған философиялық сұрақтарымзға жауап табамыз. Біз кімбіз? Дүние қалай жаратылды? Бұл өмірде не жалған, не рас? Жақсы өмір сүрудің жолы қандай? Бұл сұрақтардың жауаптарын осы ғылым арқылы таба аламыз.
Философия ғылымының мәні – өмірдің мәнін ашу, осы өмір мен арғы дүниенің байланысын танып білу. Менің байқағаным - күнделікті өмірде істеп жүрген іс – әрекетіміздің өзінде түкпірінде бүз үңіле бермейтін дүниелер бар. Ал егер өзіміздің күйбең тіршілігімізді қоя тұрып, Платонның келтірген «Үңгір» мысалындағыдай көлеңкелерді ғана көріп жүрмей, үңгірдің ар жағындағы шынайы өмірді, нағыз болмысты, шын бақытты сезінуге тырысуымыз керек деп санаймын. Күнделікті өмірімізден бақыт таба білуіміз керек. Ол үшін философия, оның ішінде метафизика көмекке келеді.
Мен білетін философияның негізгі міндеттерінің бірі – адам бойындағы игі қасиеттер мен арамдатушы қасиеттердің аражігін ажырату. Яғни, адамгершілік, ізгілік, сүйіспеншілік, одан бөлек ата –анаға құрмет секілді қасиеттердің бойымызға сіңіре білу. Бұл ізгіліктер бізді бақытқа жеткізетіндігін түсіндіре білу. Қазіргі кезде қоғам үшін бұл қасиеттер өте қажет деп санаймын.
Менің түсінігімше, философия ғылым емес, өнер де емес. Бірақ олармен тығыз байланысы бар. Ол нақтылы білімді көздемейді, ол дүниенің сырын ашуды, шындықты тануды көздейді, барлық білімді ұйымдастырады. Қорыта айтқанда, философия пәнін әр адам толық меңгермесе де, философиялық түсінік қалыптастыруы қажет деп ойлаймын. Себебі ол біздің өмірімізді мәндірек қылатынына сенемін.
...