Мемлекеттік идеология түсінігі
Автор: Ерзат Жетибаев • Май 4, 2018 • Курсовая работа • 13,489 Слов (54 Страниц) • 926 Просмотры
Мазмұны
1. МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ 2
1.1 Ежелгі түркі дүниетанымындағы "Мәңгілік ел" идеясы 2
1.2 «Мәңгілік ел» идеясының теориялық дүниетанымдық негіздері 9
1.3 «Мәңгілік ел» идеясының қалыптасуындағы ортағасырлық мемлекеттік қағидалары 17
2 МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯ ӘЛЕМДІК ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕ 31
2.1 Мемлекеттік идеология түсінігі 31
2.2 Жаһандану және идеология: мүмкіндіктер мен қатерлер 31
1. МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Ежелгі түркі дүниетанымындағы "Мәңгілік ел" идеясы
«Мәңгі ел» идеясы ежелгі тұркілердің өз заманында туған үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады:
1. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде (Кұлтегін, Білге қаған және Тұйұқык бітіктастарында) тұркі қағанаты мемлекетінің тәуелсіздік актісі — «Мәңгілік ел» идеясының саяси манифест тұрінде жария етілуі;
2. Әл-Фарабидің философиялық шығармаларында (әсіресе «Қайырымды қала» шығармасында) идеяның теориялықфилософиялык тұрғыдан негізделуі;
3. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында құқықтық мемлекет теориясының негізделуі. Бұл үш негіз бір-бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік идеяларымен сабақтасады. Бұлардың бәрінің бастауында орта ғасыр дәүіріндегі тұркілердің өркениеті тұр.
Көне тұркі жазба ескерткіштеріндегі саяси тұжырымдары, Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» және тағы басқа әйгілі туындыларының ойидеялары «Құтты білік» дастанындағы аналогиялық толғам, философиялық түйіндер, саяси-әлеуметтік болжамдар бір мәдениеттің, бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, біртектес елжұрт тіршілігі тұтастырған бір дүниетанымның жемістері. Тарихи кезең мен мемлекетшілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар Кұлтегін жырларында да, әл-Фарабидің философиялык шығармаларында да және Жүсіп Баласағұн дастанында да бірдей кездесіп отырады.
Белгілі бір идеяның мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, ол сол мемлекетте өмір сүріп отырған халықтың мақсатмүддесімен, болмысымен толық сәйкес келгені жөн. Бұл туралы Монтьеске: «Заңдар үкіметтің табиғаты мен принциптеріне, басқару формасына, елдің географиялық факторы мен физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен көлеміне, климатына, топырақ сапасына, халықтың тұрмыстіршілігіне, санына, байлығы мен қабілетіне, әдетғұрпына сәйкес болу керек», дейді. Екіншіден, идеологияның мемлекеттік сипат алуына қажетті тағы бір қасиет оның сол мемлекет тарихымен сабақтас болып, ұзақ мерзімдер бойы сол қоғамда үйреншікті, жетекші идеологиялық деңгейде болу тиістігін айтады (261, 289). Осы негізгі екі белгі де, бірінші бөлімде дәлелденгендей, тұркілердің ұлы қағанатын құрғанда бар еді.
Алғаш рет «Мәңгі ел» идеясы Шығыс тұрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы Кұлтегінге арнап қойылған бітіктаста тұркі еліне жария етілген. Кұлтегіннің (684731) тегі ашиналық. Қүтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған інісі. Кұлтегіннің 7 жасында экесі Құтлық ( 680692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның інісі Қапаған (692716) отырады. Кұлтегін мен Білге Қапағанның інісі Бөгүні (716) тақтан тайдырып, қағандық билікті Білге қолына (716734) алады. Кұлтегін батырдың басына қойылған ескерткіштегі ғұмырнамасында: «Әкем қаған өлгенде інім Кұлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Кұлтегін ер атанды», деп жазды. Әкесі Құтылығ (Елтеріс) қаған Екінші Шығыс тұрік қағанатының іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, соңында қалған екі баласы: үлкені Білге қаған ел бастап, кішісі Кұлтегін сол елдің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін жан аямай күрескен батыр, қолбасшы болған. Кұлтегін 731 жылы 47 жасында, байырғы тұріктердің күнтізбесі бойынша қой жылы, 9айдың 17 күні (Григориан күнтізбесі бойынша 12айдың 9жүлдызы) қайтыс болады. (Атлас) Білге қаған Кұлтегінге арнап киелі орын құрылысын салу үшін Тан империясынан шеберлер жіберуді өтінеді. Қытайдан келген 6 шебер кешен құрылысын Кұлтегіннің жылдық асына дейін сәтті аяқтап шығады. Кұлтегіннің асына көрші елдерден көптеген өкілдер келеді. Аталғандардың ішінде: Қидан татабылардан Ударсеңүн, Тибеттен Бөлен, батыстан соғдылар, берчекерлер, Бұхарадан Неңсеңүн, Оғул тархан, Оноқтан Макырач мөріші, тұргештен Оғыз Білге мөріші, Қырғыздан тардұш Инанчу чорлар қатыскан (КТ.Ш.5253). Кұлтегінге арналған кешен Орталык Моңғолия, Архангай аймағы, Хашат өлкесінде, яғни Орхон өзенінің шығыс жағалауында, Цайдам атты кішкене көлдің батысындағы Қарақорым қалашығының солтүстігінен 45 шақырым қашықтықта орналасқан.
...