Басқару іс-әрекетінің негіздері туралы жалпы түсінік
Автор: sarra_kh • Март 3, 2021 • Лекция • 871 Слов (4 Страниц) • 1,378 Просмотры
1 тақырып. Басқару іс-әрекетінің негіздері туралы жалпы түсінік
1. Басқару іс-әрекетінің негіздері пәнінің зерттеу объектісі.
2. Психологияның теориялық -әдіснамалық негіздеріндегі басқару ұғымы туралы.
Басқару іс-әрекетінің негіздері пәні ғылым ретінде еңбек ұжымының басқару әрекетінің мәселелелерін қарастырады. Жұмысшының жеке басы, жалпы, еңбек инженерлік психологиямен зерттелсе, еңбек ұжымы әлеуметтік психология, педагогикалық психология ғылымдарымен анықталады. Бұлардың бәріне басқару психологиясының айырмашылығын құрайтын адамдардың бірлескен ұйымдасқан іс-әрекеттерін зерттеуі жатады. Басқару іс-әрекетінің дегеніміз – ортақ мақсат, құндылықтар, қызығушылықтар, біріктірілген бір ұйымда бірдей ережелерге бағынып, берілген тапсырмаларды ортақ экономикалық, техникалық, құқықтық және ұйымдастырушылық талаптарды орындай отырып еңбек етулері. Тек қана ұйым барысында орнығатын қарым-қатынастың ерекше түрі басқару, меңгеру қарым-қатынасы. Басқару іс-әрекеті әлеуметтік топта, ұжымда, ұйымның құрамында көрінеді. Ұйымдағы жұмысшының жеке басын зерттеу ұжымның құрылуы мен дамуына ұйымның әсер етуі. Басқару іс-әрекетінің негіздерін зерттеген психологтар: Е.Е. Вендров пен Л.И. Ульянский. Олар басқару психологиясының төмендегі тақырыптарын бөліп көрсетеді:
1. Өндіріс топтарындағы ұжымның әлеуметтік, психологиялық сипаттамасы.
2. Басшы іс-әрекетінің психологиясы.
3. Басшының жеке басының психологиясы.
4. Басқаратын кадрларды таңдау мәселесінің психологиясы.
5. Басшы кадрларды даярлау және қайта даярлаудың педагогикалық-псиологиясы. В.Ф. Рубахин, А.Е. Филипов басқару психологиясы пәніне мыналарды енгізеді.
1. Басқару іс-әрекетінің қызметтік құралдардың талдауы.
2. Өндірістік және басқару, ұжымдары мен ондағы адамдардың өзара қарым- қатынасын әлеуметтік – психологиялық талдау.
3. Бастық пен бағыныштылары арасыдағы өзара қарым-қатынасының психологиялық мәселелері
Жоғарыдағы 2- құрылымды жинақтай келе, басқару іс-әрекетінің негіздері пәні - мынадай психологиялық құбылыстармен қарым-қатынастардың жиынтығы деп қарастырамыз:
1) Менеджер – ағылшын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Яғни басқару саласындағы қызметкер дегенді білдіреді. Менеджердің іс-әрекетінің тиімділігінің психлогиялық факторы;
2) Топтық және жеке шешім қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері;
3) Көсемдіктің психологиялық мәселелері;
4) Басқару қарым-қатынасындағы адамдар мінез-құлқының мотивтері мәселесі. Әлеуметтік психологиядан көсемдік психологиялық климат қарым-қатынас психологиясын, еңбек психологиясынан еңбек әрекеті барысындағы психикалық құбылыстарды және жалпы психологиядан іс-әрекет теориясы, және даму теориясын алады. Басқару психологиясы ғылым ретінде, және тәжірибе ретінде, менеджерлердің психлогиялық даярлығын жетілдіру оларды басқару жағын қамтамасыз етуге тиісті:
1.Басқару процесінің табиғатын түсіну;
2. Ұйым құрамының негізін білу;
3. Менеджердің жауапкершілігі және оның міндеттері туралы ұғым;
4. басқару тиімділігін арттырудың тәсілдерін білу;
5. Жұмысшыларды бақару үшін ақпаратты технологиямен коммуникация құралдарын білу;
6. Өз ойын жазбаша және ауызша түрде жеткізе алу іскерлігі;
7. Көсемдікке бейім мамандарды таңдап жұмысқа даярлай білу;
8. Ұйымның іс-әрекетін есептеу машиналарын пайдалану арқылы болжай білу қабілеттілігі;
9. Өз іс-әрекетін бағалай білу іскерлігі, дер кезінде кәсіби мамандарына күш жұмсау.
2. Психологияның теориялық -әдіснамалық негіздеріндегі басқару ұғымы туралы.
Басқарудың өзара адамдармен қарым-қатынасы барысында жүзеге астыны белгілі. Сондықтан басшы төмендегі заңдылықтарды білуі шарт;
1. Шақырудың анық еместігі заңдылығы
Әр түрлі адам тіпті бір адамның өзі де әр түрлі уақытта бірдей әсер етуге әр қалай реакция білдіреді. Бұл бастықтың көп жағдайда түсінбей қалуына әкеліп соғады.
2 . Адамды – адам бейнелеу заңдылығы.
Оның мәні – бірде бір адам келесі адамды толықтай біле алмайды. Ал, толықтай білу қандайда бір шешім қабылдау үшін қажет. Кей жағдайларда адам өзін-өзі толықтай түсіне алмайды, себебі, кез-келген адам қандай болмасын, өзі туралы мәліметтерін жасырып қояды, кейбір жақтарын керісінше әлсіз қылып, көрсетеді, өзі туралы қандай да бір деректерді жоққа шығарады, немесе өзіне қосымша әрекеттерді қосып алады. Осындай қорғаныс тәсілдерін пайдалана отырып, қалай барлығы тұрғанын емес, қалай көрсеткісі келіп тұрғанын көрсетеді.
...