Абай мен Сократтың этикалық концепциясы
Автор: aizhan03-04 • Ноябрь 26, 2021 • Эссе • 1,707 Слов (7 Страниц) • 739 Просмотры
Эссе
Қасымбекова Айжан Дәулетқызы
«Абай мен Сократтың этикалық концепциясы»
Қазақ халқы әрдайым тәлім-тәрбие, сыйластық, мал-дүние мен бала-шағаға көп назарын аударатын. Білім мен ғылымның ауыр жүгін қазағым әр заманда да арқалағысы келген. Бірақ, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін кейде білмей де қалатын. Бір нұсқаушы, ұғындырушы дүние керек болғандай... Осы орайда Абай: «қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме; қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме; жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде; сонан тапқан шын асыл, тастай көрме», – деген Абай Құнанбаевтың асылы сөздері мен ереңдей еңбегі өнеге мен тәлімге, саналы мен салмақты өмірге, адами қасиеттер мен жақсылыққа тәрбиелейтіндігі бүгінде ешкімге де жасырын емес шығар. Сондықтан болар дана ойшылымыздың шығармашылығы мен уайым-қайғысы, жүрегіндегі сөзі мен мұңы ХХІ-ғасырда да аса өзектілікке ие. Бір жағынан дүние, адамгершілік, мінез-құлық мен жүріп-тұру қағидаттарын Сократтың да еңбектерінен байқауға болады. Сократтың бүкіл этикалық тұжырымдамасы адамның игілікке, ізгілікке, сұлулыққа, бақыт пен байлыққа ие болуында көрінетін шынайы мақсатын түсінуге бағытталған. Сондықтан Абай мен Сократтың көздегені бір, мақсаттары ұқсас. Еңдеше, қазақ халқының жиырмасыншы ғасырдан бергі өмірлік нұсқаушысына айналған Абай Құнанбаевтың ХХІ-ғасырдағы этикалық тәрбиеге деген ықпалы мен европалық ұлы ойшыл Сократтың концепцияларына талдау жасап, ұқсасы мен айырмасын табалық.
Абай Құнанбаев қазақ әдебиетінің классигі, композитор, қоғам қайраткері, ағартушы және демократ ретінде аса танымал. Ақын жастарды оқуға, ғылымды меңгеруге, түрлі жаңа қолөнерді игеруге шақырды, қоғам игілігі үшін адал еңбек етуге кеңес берді. Қазақстанда Абай Құнанбайұлы туралы көптеген зерттеулер жазылған. Бұл М.Әуезов, К.Бейсембиев, Е.Бекмаханов, С.Мұқанов, Н.Смирнованың, К.Жарикбаевтың және К.Кенжеғалиевтің жұмыстары. Әсіресе Мұхтар Әуезовтың еңбектерінде Абай шығармашылығы кеңінен зерттелген. Оның пікірінше Абайдың еңбектерінде этикалық оқыту мен тәрбиелеудің бірқатар қағидалары жиналған: еңбек, адамгершілік, ақыл-ой, этика мен эстетикалық тәрбие арасындағы өзара байланыс; сонымен қатар жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің жетекші рөлін мойындау мәселелері [1]. Абай, сондай-ақ, аталмыш авторлардың пікірінше, өзге мәдениеттердің дәстүрлерін шынайы және терең түсінудің, еліміз бен батыстың мәдениетіне деген ықыласты және қызығушылық танытудың, сондай-ақ елдің шығыс және батыс желдерінің түйіскен жерінде орналасуының маңыздылығын мойындата білген үлгігі ұстаз. Абайдың этикалық ілімі қазақ философиялық ойының квинтэссенциясы деп те айтуға болады. Өйткені оның шығармашылық мұрасында шындықты философиялық пайымдаудың сапалы жаңа деңгейі жүзеге асырылған, халық тарихында алғаш рет шығыс пен батыс идеяларының синтезі айқындалған. Ол өз туындылары арқылы толеранттылық, рухтылық, адам болушылық және адамгершілік қағидаларын мәдениетаралық үнқатысу идеясына байыптап, тұлға болып қалудың, этикаға сай әрекет етудің және ақыл мен парасатқа салудың маңыздылығы мен діни дұрыстығын көрсетеді.
Абайдың кез-келген шығармасы (көбінесе монологтар түрінде жазылған туындылары) этикалық тәрбиеге келіп тіреледі. Мысалы Абай атамыздың бізге мұраға қалдырған адами қасиеттерді насихаттайтын өлеңдері мен нақыл сөздері, жырлары мен романдарының саны өте көп. Сонын ішіндегі ең жақсысы әрі адамгершілік тәрбиеге жетелеушісі – «Абай Құнанбаевтің қара сөздер жинағы». Ұлы жазушы қазақ халқы мен әдебиеті үшін өмірдегі нұсқаушы рөлін атқаратын осындай керемет мұра қалдырды. Әрбір қара сөздің мағынасы өте терең: бұл арқылы Абай бізді адамгершілікке, адалдыққа шақырады. Жай дүние жинап, мал санап жүргендерді дұрыс жолға келулерін сұрайды. Шын мәнінде, бізді ата-анамыз бен ұстаздарымыз тәрбиелегенде де бізді жақсылыққа, дұрыс істерге, адалдыққа үйретеді ғой деп, әрбір адам өзінің міндеттері мен қоғамдағы рөлін білуі қажет екендігін де Абай Құнанбаев өз қара сөздерінде жазып кетеді. Тура жолға, ақылды істерге шақыратын Абай Құнанбаев өзінің ризалығы мен ызалығы туралы қара сөздерде көп ойлар қозғайды. Мысалы, Абайдың оныншы қара сөзіне тоқталсақ, зерттеуші Ханғали Сүйіншәлиевтің пікірі бойынша: «Абай Құнанбаев адам баласының дүние жиюын тыюды, бос мал-мүлікті аңсауды тоқтатқанын қалайды» [2]. Адамдар өз балаларын оқыту керек, жақсы тәрбие беруі керек. Әрбір адам адамгершілік пен Құдайға деген сезімін күшейту қажет. Құр дүние жинап, балалары кейін соны билеп қалсын деген оймен жүрген адамдардың ісі дұрыс емес, - деп қарастырады жазушы. Артыңнан қалған ұрпаққа жақсы істеріңмен белгілі болғанға не жетсін? - деген қорытындыға да келеді. Расымен де, адамдар өзінің жан дүниесін, діні мен басқаларға деген қатынасын реттеу қажет. Содан кейін ғана адал жолмен дүние жасауды үйрену керек. Егер өмірде түк жақсылық жасамай, қатыгез немесе жаман адам болып өтсен, артыңнан қалған ұрпақ та сондай болмақ. Олардың жасаған дұғалары мен игі амалдары көмектесер ме екен қатыгез адамға, әрине жоқ. Сондықтан, үлгілі тәрбие мен жақсылық көрсетіп өсірген ұрпағы қартайғанда міндетті түрді ата-анасын асырайды, ал бұл адамгершіліктің бастауы, - дейді Абай. Бұл оныншы қара сөздің әрбір жанға және ұрпағын ойлайтын адамдарға деген пайдасы өте көп. Оқыған сайын неше бір ойларға еріксіз берілесін. Өйткені өмірдің мәні – дүние мен оны билеуде емес мүлдем...
...