Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай іліміндегі ақылдың маңызы мен мәні

Автор:   •  Апрель 28, 2023  •  Реферат  •  262 Слов (2 Страниц)  •  564 Просмотры

Страница 1 из 2

31-сұрақ. Абай іліміндегі ақылдың маңызы мен мәні

Абай Құнанбайұлының ақыл жайында қозғаған терең ойлары мен кемелденген тұжырымдары өте көп. Солардың барлығын ой сүзгісінен өткізе келе әр адамның санасында белгілі бір түсінік қалыптасады. Ақынның ақылға айтқан тұжырымдарының бірі де бірегейлерінің бір қатары мыналар:

• Ақыл-ар мен ұяттың күзетшісі;

• Ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады;

• Ақыл-жүректің сауыты;

• Ақыл, сезім болмаса, жан мен тән малда да бар;

• онсыз пайданы іздеуге болмайды, пайдаға сол жеткізеді;

• онсыз залалдан қашып құтылу мүмкін емес, залалдан сол құтқарады;

• онсыз ғылымды үйрену жоқ;

• онсыз еш нәрсе табылмайды, керектің бәрін сол табады;

• ненің пайдалы, ненің залалды екенін біледі;

• Амал да айла да содан шығады.

Міне осындай қара жерден асыл шығарар сөздерінен-ақ ақылдың адам өмірінде алар орны өте маңызды екенін ұғына аламыз. Дегенмен, ақылдың қадірін барлық адамзат ұғынғаны рас болса, надандар қайдан шығады? Бұл сұраққа да ақын жаны жауап әзірлеп қойған. Ол - жанның тәнге бағынышты болуы. Ондай күйдегі адамда ұлы мақсат, үлкен іс болмайды. Сондай хәлге түскен кезде адам жанын құтқарып, қараңғы тұңғиықтан алып шығатын қайрат пен ақыл дейді ұлы ақын. Оған дәлел ретінде бабамыздың мына өсиетін қарастырайық:

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да қуғанға...  

Алайда, Абай Құнанбайұлының  ақылды біржақты қарастырмағаны, оны сынап та жатқан кездері барын ұмытпағанымыз жөн. Жақсы мен жаманның сүйенгені-ақыл. Ал  таңдау жасау адамның өз қолында деп шешімді өзімізге қалдырады. Ақылымызды жақсы мақсатқа пайдалану немесе жамандық жасап қулыққа айналдыру өз қолымызда. Сондықтан да, Абай атамыз айтқан ақыл бейнесін рухымызға дарытып, ол сақтандырған жолдан аулақ болуымыз керек. Тек сонда ғана "толық адам"  дәрежесіне жетуге үлкен қадам жасаймыз.

...

Скачать:   txt (3.2 Kb)   pdf (46.1 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club