Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат

Автор:   •  Апрель 12, 2024  •  Реферат  •  1,248 Слов (5 Страниц)  •  99 Просмотры

Страница 1 из 5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Химия және химиялық технология  факультеті

           

        [pic 1]

СӨЖ

Тақырыбы: «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе

Оқытушы:Балабекұлы Д.

                 Студент:Алдашова Л.Ә.

Мамандығы:Өндірістің химиялық сараптамасы және

аналитикалық бақылауы

                                             Алматы, 2024 жыл

ЖОСПАР:

-Кіріспе

Әл-Фараби туралы қысқаша ақпарат.

-Негізгі бөлім

 Ойшылдың әр еңбегіне қысқаша шолу. Мазмұндама

 Осы еңбектер негізінде бақыт жайлы пікірім

-Қорытынды

Мен сөз ететін тақырып ұлы ғұлама әрі ойшыл әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы болмақ. Ұлы ойшылдың еңбектерін оқып бақыт жайлы қандай қорытындыға келеміз? Оның еңбектерінде не сөз етілген?

Әбу-Насыр әл-Фараби- әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия.

Әл-Фарабидің ең танымал болып, рухани айналымға көбірек түскен еңбегі- «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат». Бұл еңбегі ұлы ойшылдың шоқтығы биік шығармаларының қатарына жатады.Ұлы ойшылдың “Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактатын парақтай отырып, бір сәт XXI ғасырда бақытқа жету жолында, қайырымды қала тұрғындары атану үшін нені меңгермек, нені игермек қажет деген сұрақтарға жауапты ғұламаның еңбегінен іздеген жөн.

әл-Фараби басқаруды өз еңбегінде қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару - халықты бақытқа бастайды, олардың, іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірбиеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан баскаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. әл-Фараби: «Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала - қайырымды қала, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам - қайырымды қоғам.

Ұлы ойшыл саяси-әлеуметтік трактатында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталады.Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін көрсетті. Оның пікірінше, әрбір қала тұрғыны бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесетін қала қайфрымды қала.

Сонымен қатар әл-Фараби бабамыз қала бақытты болудың үлкен кілті- бірінші басшыға байланысты екендігіне баса назар аудартады. Қайырымды қаланы әрбір кез келген адам билей бермекші емес, өйткені, ел билеу- екі бірдей нәрсеге байланысты: біріншіден, билемек адамның өз жаратылысында ел билеуге қаншалық әзір екеніне байланысты, екіншіден, билеуші адамның еркітен қуат алып отыратын жағдайы мен қабілетіне байланысты. Жаратылысында ел билеуге кім бейім болса, билік соның үлесіне тимек.”

Сонымен қоса, бұл еңбегінде тек қана қоғам, онда болып жатқан жағдайлар емес, адами құндылықтарға да ерекше мән берген. Әл-Фараби қай қоғамда болмасын адами құндылықтар жүйесінде адамнан асқан, оның өмірінен асқан құнды зат жоқ екенін, сондықтан да адамдар арасындағы бір-біріне деген құрмет, мейірбандық, сыйластықтың жоғары деңгейде болуы керектігін ескертеді. [1]

Бақытқа жету – философияның алдыңғы шарттарының бірі болып есептеледі. Әл-Фарабидің осы бір еңбегінде, бақытты болудын 3 түрін жазыпты. Онда: бірінші- адамның іс-әрекеті, яғни адам өзінің бақытқа жету жолында әрекет жасап ұмтылса, онда ол адам өзінің мақсатына жетеді. Екінші-жан дүние сенімдері, мысалы: құштарлығы, ашуы, рахаты, қанышы, жабырқауы осының бәрі адамның жандүниесіне жатады. Үшіншісі- адамның ақыл-парасаты. Адам ақылды болса,яғни көп оқым іздемпаз болуы әрбір жетістікке жетеді. Осының бірін бір жүйеге келтірсек, адамның әрекетшіл, ақыл- парасатты болуы, кемелдіктің жоғарғы сатысына көтерілуге септігін тигізсе, адам осы сатыға жете білсе, онда адам бақыттың жоғарғы сатысынна қол жеткізеді.[2]

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (349.7 Kb)   docx (372.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club