Әл–Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектері негізін
Автор: merinagyl • Сентябрь 29, 2019 • Эссе • 2,159 Слов (9 Страниц) • 6,902 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Әл–Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектері негізінде эссе.
Пәні: Философия
Орындаған: Қуаныш Сәбира Логистика – 5 топ
Курсы: 2
Факультет: ЭжБЖМ
Қабылдаған: Омаров С.А.
Алматы 2019ж.
[pic 1] (арабша: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. “Әлемнің 2-ұстазы” атанған.
Еңбектері: 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мəні туралы», «Əлеуметтік-этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т.б. сол сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған.
ЭССЕ
Әл–Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің барлығы бақыт, сыйластық, құрмет жайлы жазылған өте құнды дерек көздері болып келеді.
Адам санасында ғылым мен білімнің даму барысында өте маңызды мәселелер қарастырылған. Ал жалпы алғанда, дүниеде құбылыстар өте көп. Сондай- ақ адам жеке жаратылыс, табиғат жеке жаратылыс. Табиғаттағы болып жатқан құбылыстардың ең жоғарғы сатысы, ең ақылыдысы – адам болып табылады. Адамның өзін танымақтығы – өсімдік жанын, хайуан жанын адам жанын жүйелеу болып табылады. Адам жанына, оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға бұлай қарауға болмайды. Жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі білмейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес, бәрін шешетін жүрек болып келеді. Кез келген адам ақылды бола алады. Ойлау қабілеті терең болу үшін өте көп оқу керек.
Адамзат тарихындағы ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында, «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын таныа білу күрделі мәселеге айналып, бастан аяқ қарама – қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтың жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Әл-Фараби басқаруды өз еңбегінде қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады.
...