Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеялары
Автор: joniboi444 • Октябрь 18, 2022 • Реферат • 2,367 Слов (10 Страниц) • 533 Просмотры
Алихан Бөкейханов университеті
Гуманитарлық факультет
Тарих жане археология
[pic 1][pic 2]
СӨЖ № 1
Тақырыбы: Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеялары
Орындаған: Абенов Н.Қ.
Тобы: ОВИ - 201
Негізгі сұрақтар:
1.Әлеуметтанулық мектептер, ағымдар, теориялық бағыттар
2.Атақты әлеуметтанушы–теоретиктің (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойлары, тұжырымдары.
Марксистік теорияның дамуы
1900 жылдардан бастап 1930 жылдарға дейін марксистік теория әлеуметтану теория ларының негізгі легінің ішінде, сыни мектептің немесе ертеректегі гегельдік марксизмнен бөлініп шыққан Франкфурт мектебінің пайда болуын санамағанда, тәуелсіз түрде дамып келді.Әлеуметтік зерттеу институты 1923 жылы Германияның Франкфурт қаласында ресми түрде қалыптасты. Соңғы жылдары марксистік көзқарасты қорғаушылардың көбі сыни мектеппен тығыз байланыста болды: Макс Хоркхаймер, Теодор Адорно, Эрих Фромм, Герберт Маркузе, Юрген Хабермас пен Аксель Хоннет.Институт Германияда 1934 жылға дейін қызмет атқарып тұрды, алайда елдегі әсіреұлт шыл тәртіп кесірінен жұмыс істеу өте қиынға соқты. Әсіреұлтшылдар арасынан марксистік идеяны қорғайтын адамның табыла қоюы екіталай еді, өйткені оны қолдаушылардың көбі еврей болатын. 1934 жылы институт басшысы Хоркхаймер Нью-Йоркке келіп, осы ғылыми орталықтың болашағы жөнінде Колумбия университетінің президентімен өзара пікір алмасты.Институт университетпен біріктіріліп, оған кампус территориясынан жеке ғимарат ұсынған да, Хоркхаймердің таңданысында шек болмады. Осылайша, марксистік теория орталығы капиталистік әлем орталығында орналасты. Институт соғыс аяқталғанға дейін сонда жұмыс істеді, бірақ соғыстан кейін оның Германияға қайтып орнығуына қысым жасалды.1949 жылы Хоркхаймер Германияға қайтып оралды, өзімен бірге институтты да ала келді. Институт Германияға көшкенімен, оның қызметі көптеген аймақтарға ортақ болды. Алғашқы жылдарда институтпен қатынасы барлар, әдеттегідей, дәстүрлі марксистер болды, олар көбінесе экономикаға көңіл бөлді. Алайда 1930 жылдары айтарлықтай өзгерістерден кейін осы ғалымдардың бірқатары экономикадан гөрі мәдениет саласына, яғни жаңа капиталистік қоғамда тегеурінді күшке айналып отырған «мәдениет индустриясына» назар аудара бастады. Бұл кезде капиталистік замандағы мәдениеттің рөлі шарықтаған еді. Осы тұста ертедегі Георг Лукач сияқты гегельдік марксистердің позициясы нығайып, кең қанат жайды. Мәдениет саласын тереңірек тану үшін сыни теорияшылар Макс Вебердің еңбектеріне ден қойған болатын. Маркс пен Веберді біріктіру арқылы олар «Веберлік марксизм» ұғымын тудырып,әлеуметтанушылар алдында сыни мектептің беделін өсірді, сөйтіп марксистік теорияны жақтаушылардың қызығушылығын оятуға септігін тигізді. Сыни мектеп өкілдерінің тарапы нан жасалған екінші маңызды шара – америкалық әлеуметтанушылар дамытқан әлеуметтік ғылыми әдістердің қатаң алгоритмін марксистерді қызықтыратын сұрақтарды зерттеуге қолдануы болды. Бұл, веберлік теорияны қабылдау сияқты, негізгі әлеуметтанушылардың сыни мектепті қабылдауына жол ашты.Үшіншіден, сыни теорияшылар Вебер мен Маркстің еңбектерін қоғамдық және мәдени деңгейде фрейдтік теория арқылы тұлғалық бағыттың бірігуіне күш салды. Көптеген әлеу меттанушылар, Олардың жеке ұсынған теорияларына қарағанда, барлық жағынан қамтылған кең ұғымды теория болып қабылданды. Бұл интеллектуалдар қабылдауға қарсы болған біраз теорияларды біріктіруге итермелеуші күш болды. Сыни мектеп 1920 жылдардан бері пайдалы үлкен ауқымды жұмыстар атқарды, көбінесе бұл әлеуметтанушылар үлесіне тиесілі. Бірақ сыни мектепке 1960 жылдардың аяғын «күтуге» тура келді, себебі содан кейін ғана америкалықтеорияшылар бұл мектептің маңызын түсініп, мойындаған еді.
...