Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеялары
Автор: Aya20000 • Сентябрь 25, 2021 • Реферат • 677 Слов (3 Страниц) • 3,221 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
Инжиниринг және ақпараттар технологиясы факультеті
«Автоматтандыру және робототехника» кафедрасы
[pic 1]
Тақырыбы:
«Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеялары»
Пән: «Әлеуметтану»
Орындаған: АиУ 20-12 студенті Әліби Аяжан
Қабылдаған: Махмутов Б.Л
Алматы 2021
Негізгі әлеуметтанулық мектептер | Негізгі идеясы | Басты өкілдері | Еңбектері |
Чикаго әлеуметтану мектебі | Криминологияға сандық анализ әдіснамасын қолданып қала және қала маңы жастарының қылмыс өткізуі құбылыстарына нақты зерттеу жүргізді. Осы себепті ХХ ғасырдың алдыңғы жартысында Чикаго қаласы криминологиялық әлеуметтануды зерттеудің орталығына айналды. | Чикаго мектебінің негізгі өкілдері Нелс Андерсон, Эрнст Берджесс, Рут Шонл Кэйван Франклин Фрэйзир Эверет Хьюз Родерик Макензи, Джордж Герберт Мид, Роберт Парк, Вальтер Реклис, Эдвин Сатерленд, Уильям Томас, Фредерик Зрашер, Луис Вирт, Флориан Витольд Знанецкий қатарлылар. | Джордж Герберт Мид — Символды өзара әсер теориясы. Эдвин Сатерленд 1924 жылы «Криминология. Алғашқы басылымы» кітабында ортаға қойған "өзгешелік қауымдастығы теориясы. Парк, Берджесс және Макензи 1925 жылы жариялаған Қала экологиясына қатысты кітабы. |
Француз мектебі | Әлеуметтік жүйелерді талдауды әлеуметтік ғылымдардың статусы тұрғысынан эпистемологиялық ойлармен байланысты қарастыру | Эмиль Дюркгейм | «Әлеуметтану әдісі» деген еңбегінде ғылыми әлеуметтану негізін салды. |
Прага университеті | «мәдениет-өркениет-әлеуметтілік» жүйесіндегі құбылыстар мен байланыстар | Альфред Вебер (1868-1958) | «Германдық және еуропалық мәдениеттің дағдарысы» (1924), «Мемлекет пен мәдениеттің әлеуметтік идеялары» (1927) деген еңбектері бар. |
Франкфурт мектебі | XX ғасырдағы неміс әлеуметтанулық мектебі туралы айтқанда Франкфурт мектебі туралы айтпау мүмкін емес. | Өкілі Юрген Хабермастың әлеуметтік ілімі неомаркстік бағытта болды | |
Неміс мектебі | Әлеуметтік ілімді үш негізгі бағыттарға бөледі: әлеуметтік ұрпақ ілімі («Generation»), әлеуметтік орта ілімі («Social milieu») және әлеуметтік тұлға ілімі («Social Person»). | Өкілдері — Макс Шелер, Карл Маннхейм. М.Шелер | Карл Маннхейм «Жан және мәдениет» (1918), «Тарихилық» (1924), «Білімнің әлеуметтік мәселелері» (1925), «Рухани кұрылымдардың идеологиялық және әлеуметтанулық түсіндірілуі» (1926), «Идеология және утопия» (1929) және т.б. |
Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші».Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.
...