Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид)

Автор:   •  Сентябрь 22, 2021  •  Реферат  •  523 Слов (3 Страниц)  •  7,861 Просмотры

Страница 1 из 3

2.Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид)

Бірегейлікті зерттеудің бастауы З. Фрейдтің «Топтық талдау және Эго талдауы» еңбегінен бастау алады. 1914 жылы жазылған еңбекте бірегейлікті психологиялық тұрғыда қарастырған З. Фрейд, тұлға және әлеуметтік топ арасындаға өзара іс-әрекеттердің маңызды механизмі ретінде тұжырымдаған. З. Фрейд бірегейлікті тұлғаның басқа да адамдармен салыстырғанда өз ерекшелігін, өзіндігін түйсінуі, сезінуі деп қарастырған. Ғалым бірегейлікті, екі түрде қалыптасатын құбылыс ретінде сипаттайды. Бірінші сипатында ол өзгелерге еліктеп, осы топпен ұқсастықтарына оң көзқарас тұрғысынан бағалайтыны ретінде және екінші сипаты, өзіне жат өзгешелерден ерекшеленуі ретінде сипаттайды.

Психологиялық антропология саласындағы бірегейлік бойынша американдық антропологтар Дж. Де Вое және Л. Романусси-Росс еңбектері де қызығушылық тудырады. Олар, бірегейлікті белгілі бір тұлға немесе топтардың мәдени дәстүрлерінде көрініс беретін бірдейлендіру нысаны ретінде қарастырып, ұлттық бірегейлік - тарихи түп тамырға деген бейімділік деп тұжырымдайды. Дж. Де Вое ұлттық ерекшелікті, әлеуметтік мәртебені және идеологияны біртұтас жүйеге біріктіріп, өткеннен тамырын жайған ұлттық ұқсастық, тұлғаның осы шағының және болашағының органикалық және ажырамас бөлігі болып табылады деп сомдайды.

Ғалымдар, Г. Тэджфел, Дж. Тернер, М. Хогг. әлеуметтік бірегейлікті когнитивті әдіс шеңберінде қарастырып, ішкі топтық жетекші ұстанымдар және топаралық кемсіту түсініктерін жоғарғы орынға қояды.

Ағылшын психологы Г. Тэджфел топ ішіндегі өзара қатынастағы әлеуметтік бірегейлік теориясын, топ іс әрекеттерінің таптаурыны негізінде қарастырады. Ғалымның берге түсіндірмесі бойынша, әлеуметтік бірегейлік- тұлғаның қандай да бір әлеуметтік топтың мүшесі екендігін сезіне отыра, сол топқа тән ерекше құндылықтар және сезімдік ерекшеліктері бар екенін түйсіндіретін адамның өзіндік болмысының бір бөлігі болып табылады. Әлеуметтік бірегейліктің түрі ретіндегі ұлттық бірегейлік теориясы Тэджфел еңбектерінде, тұлға аралық және белгілі бір қауым өкілдері арасындағы

...

Скачать:   txt (7.6 Kb)   pdf (41.8 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club