Әлеуметтану ғылымы
Автор: Arna Bekbolatova • Февраль 25, 2020 • Эссе • 312 Слов (2 Страниц) • 2,129 Просмотры
Әлеуметтану — әлеуметтік топтарды, олардың өзара байланысын және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым, яғни, адам мен қоғамды, қоғам мен адам арасында болатын өзгерістер мен заңдылықтарды тығыз байланыста қарастырады. Сонымен қатар әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда әлеуметтану өз алдына жеке ғылым болып, көптеген кең ауқымды мәселелерді қамтып, кең өріс жайып жатыр.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдардан өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, психологияда адамның жеке мінез құлқына және ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы, «Неге кей адамдар күйгелек болып келеді?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Саясаттанушылар саяси жүйе мен оған мінез -құлықтың әсерін, экономистер экономиканы, қызмет көрсету түрлерін зерттейді. Ал әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлықты, саясат пен экономиканы зерттесе де, осы және басқа да проблемалардың қоғам мен адамдармен байланыстырып, қарастырады.
Менің ойымша, әлеуметтану әр адам өміріндегі маңызды ғылымдардың бірі. Әлеуметтануды жалпы ғылым немесе пән ретінде қарастырғанда да, алып- беретіні өте көп. Әлеуметтану саласындағы зерттеулер кең дүниетанымды қалыптастырады, сондай ақ қоршаған ортаға басқа көз- қараспен қарауға мүмкіндік береді. Әлеуметтану ғылымынан күнделікті өміріміздегі «Егіздер өздері туралы не ойлайды?» «Ет жейтін және ет жемейтін екі адам бір- бірімен тұра ала ма?» сияқты қарапайым сұрақтарға жауап іздеп, біле аламыз.
Бүгінгі таңда, қоғамның әр саласы адамдардың өзара қарым қатынастарына тығыз негізделген. Өз басым, қытай филологиясы мамандығына оқу барысында талай рет қоғамдағы адамдар арасындағы байланыстың маңыздылығын байқадым. Әлеуметтанудағы көптеген сұрақтарға қытайдың көне даналығынан жауап іздеп, табуға болады. Құнды материалдарды тек қана көне қытай жазбаларынан ғана емес, сондай ақ қазіргі замандағы қытай мәдениетінен алуға болады, себебі Қытай қоғамды терең түсінудің таңғажайып қабілетімен ерекшеленеді.
...