Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы

Автор:   •  Сентябрь 30, 2020  •  Эссе  •  934 Слов (4 Страниц)  •  713 Просмотры

Страница 1 из 4

                  Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы

                                                   (эссе)

                 Әлеуметтану – бастауы ежелден келе жатқан қоғам дейтін пәннің негізінде қалыптасқан өте жас ғылым.  Әлеумет жайында ғұламалар көне заманнан бері толғанып келе жатса да, ол тарих сахнасына небәрі 150 жыл бұрын ғана қадам басты. Егер осы жас ғылымның қалыптасуы мен тарихына тоқталар болсақ, онда тек 150 жылдық эволуцияны тілге тиек еткеніміз өрескел қате болар еді. Социологиялық білімнің даму тарихы күрделі, көпқырлы және көлемді, сондықтан проблеманың мәнін түсіну үшін әлеуметтік білімнің жалпы қалай пайда болғанын, ненің орнына келгенін білу маңызды. Социялогиялық ой дамудың бірнеше кезеңдерінен өткен, олар: алдыңғы тарихи, классикалық және қазіргі заманғы. Енді осы кезеңдерге жеке-жеке тоқталып өтейін.

                 Әлеуметтану ғылымының қалыптасуында алдыңғы тарихи кезеңнің маңызы зор. Өйткені дәл осы кезең ғұламаларының арқасында алғашқы ілімдер пайда болып, қараңғылықтан жарыққа ұмтылу әрекеті бастау алды. Адам мен қоғам проблемасы, өте жақсы қарым-қатынастар мен сол қоғамды дұрыс құру идеялары ерте кездің өзінде ірі ойшылдардың ақыл-ойларынан орын алған. Оқиғалардың уақытын, орнын және қатысушы адамдарын көрсетіп, қарапайым тіркеу ретінде пайда болған әлеуметтік білім біртіндеп талдамалық ой-тұжырымдармен де байи түсті. Әлеуметтік танымдағы жаңа талдамалық деңгейдің пайда болуына адамзат әуелі ежелгі қытай философтарынан, сонан соң көне философияға қарыздар. Социологияның бастауларын Маоцзы даос мектебінің ғұламалары мен даналарының әр түрлі тіршілік мәселелері жөніндегі философиялық астардағы ой-тұжырымдары мен кеңестерінен және қоғамдық өмір тәртібін анықтайтын үндінің “Махабхарата” мәтіндерінен табуға болады. Сондай-ақ, Платонның “Мемлекет”, Аристотельдің “Саясат” атты жұмыстары әлеуметтік білімнің дамуына жаңа серпін берді және жеке қоғамдық институттарды, атап айтқанда мемлекет, отбасы, құқықты зерделеуге жол салып берді.

                  Шығыс халықтарындағы қоғамдық-социологиялық ойдың аса көрнекті өкілдері әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн-Сина болды. Шығыста әлеуметтік білім тарихи тұрғыдан әр түрлі қоғамдық күштердің тарихи шынайылықты игеруінің ерекше түрі ретінде дамыды және Шығыс халықтарының, соның ішінде қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуында орасан зор рөл атқарды.

                Ғылым ретіндегі социологияның ең жуық, тікелей алғышарттары Жаңа дәуір кезеңінің (ХVІІ - XІХ ғ.) әлеуметтік ойлары болды. Оның өкілдері Англияда Джон Локк, Адам Смит және Дэвид Юм; Францияда - Вольтер, Поль Гольбах, Дени Дидро, Шарль Монтескье, Анри Сен-Симон; Ресейде - М.В. Ломоносов, А.Н. Радищев, Н.И. Новиков; Германияда - Готхольд Лессинг, Иоганн Гердер, Иммануил Кант, Иоганн Фихте және т.б. болды. Ғылымның бір күйден екінші күйге өтуі - құбылыс емес, аса ұзақ және кең ауқымды процесс. Социологияның пайда болуы белгілі бір тарихи кезеңде және әлемдік мәдени кеңістіктің белгілі бір нүктесінде қиылысқан бірқатар интеллектуалдық және әлеуметтік факторлардың бірігуінің нәтижесі болды. Бұл кезең ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы, ал болған жері Батыс Еуропа. Кейіннен социология жер шарының әр түрлі әлеуметтік-мәдени ареалдарында дамып, тарады. Осы жерде ғылымның алдыңғы тарихы аяқталып, оның  негізгі тарихы басталады.

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (56.9 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club