Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Автор: zhasminka12 • Сентябрь 18, 2021 • Реферат • 1,990 Слов (8 Страниц) • 3,020 Просмотры
Дәріс 2. Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз көне заман философиясынан, біздің жыл санауымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдары Платонның “Заңдар”, “Мемлекет туралы” еңбектері мен Аристотельдің “Саясат”, және т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл мәселелер жаңа дәуірде Н.Макиавелли, Ж-Ж. Руссо, Т. Гоббс және т.б. ғалымдардың еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.
Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтану ғылым ретінде көне немесе қайта өрлеу дәуірлерінде қалыптасты деп айтуға бола ма деген заңды сұрақ туады. Әрине, жоқ. Бұл жерде әлеуметтанудың бастамашысы - әлеуметтік философия өмір сүріп, онда қоғам, адам, олардың дамуы туралы мәселелер қойылып, өзінше шешілді десек орынды болар еді.
Әлеуметтану қалай пайда болды, қай уақытта, оның өмірге келуіне қандай алғышарттар себеп болды сияқты сұрақтарға ғылыми дұрыс жауап беру үшін, біз ғылымдардың шығуы мен дамуын зерттеген “Науковедение” атты кітаптың деректеріне сүйенеміз.
Жоғарыда жазылгандай, әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі шыққанан кейін пайда болған. О.Конт бұл алты томдық еңбегінің 3-ші томында “Социология” деген ұғымды бірінші рет қолданып, қоғамды ғылыми негізінде зерттеп білуді міндет қойды.
Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болды.
Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
Бірінше кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндаушы ретінде болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
Екінше кезең Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік құралдарын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды. Оның әр-түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады.
Үшінші кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президентті сайлаудың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды.
Төртінші кезең ХХ ғасырдың соңы мен қазіргі кезге дейінгі уақыттты камтиды.
Осымен, Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. IX ғ. аяғы мен XX ғ. басы, әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80 жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.
Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңбердегі жүйелі білімге айналды. Әлі де әлеуметтану ғылымында үздіксіз алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болып отыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
...