Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Автор: ainur2024 • Февраль 27, 2024 • Лекция • 9,598 Слов (39 Страниц) • 130 Просмотры
№1 тақырып. «Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтану теорияларына кіріспе» тақырыбы бойынша дәріс тезистері
Дәрістің мақсаты:Курсанттарды әлеуметтану пәнімен таныстыру. Қоғамды әлеуметтік зерттеудің ерекшеліктері ретінде ой қалыптастыру. Ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтанудың орнын түсіндіру.
Жоспары:
Кіріспе
1. Әлеуметтануға кіріспе.
2. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық.
3. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар
4. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).
Қорытынды
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтанудың термині 2 сөзден құралган (лат. Societas- қоғам) және (грек. Logos- сөз, түсінік, ілім). Әлеуметтанудың негізін қалаушы О.Конт. Әлеуметтану пәні- жалпыға ортақ қоғам деген мағынаны білдіреді.
Қоғамның әрбір мүшесі үшін әлеуметтік білімдерді меңгеру маңызды болып табылады. Соңғы жылдары әлеуметтану ғылымы дербес ғылыми пән ретінде басқа ғылымдардың арасынан орнын тапты. Әлеуметтану адамзаттың тарихи тәжірибесін, әлеметтік әлемнің маңызды қырларын қарастырады. Әлеуметтануды зерттей отыра, адамзат қоғамының құрылымын ұғынамыз. Питер Бергердің «Әлеуметтануға шақыру» еңбегінде, ғалым әлеуметтану ғылымын әлеуметтік әлемге ашылатын терезе ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше, әлеуметтік институттарға талдау жасай отыра, әлеуметтік тәжірибені меңгереміз. Өзімізді қоршаған қоғам, біздің сезімімізді, көзқарастарымызды, тағдырымызды айқындайтынын ұғынамыз. Яғни, әлеуметтану ғылымын зерттеу, қоғамның заңдылықтарын түсініп, өзіміздің мінез-құлқымыз және іс-әрекеттеріміздің себеп-салдарын айқындау үшін қажет.
Немістің кәсіби әлеуметтануының атасы Ф.Теннис әлеуметтануға жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарастырады. Ол индуктивтік әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Ф.Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды.
1 . Әлеуметтануға кіріспе.
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, даму заңдылықтары туралы ғылым. Социология әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Әлеуметтану адамның мінез-құлқын түсінудің айқын және өте жарқын перспективасын ұсынады. Әлеуметтануды зерттей отырып, біздің өмірімізде орын алып отырған әлеуметтік әсерлерге әлемді түсінуде жоғарыдан қарауды үйренеміз.
Бұл жағдайда әлеуметтану жеке тәжірибенің маңыздылығын жоққа шығармайды немесе төмендетпейді. Керісінше, біз өзімізді және басқа адамдарды жақсы түсінуге үйренеміз, осылайша қатысатын әлеуметтік іс-әрекеттің маңызыдылығын қабылдау қабілетін дамытамыз.
Бүгін, ХХI ғасырдың басында бізді қатты алаңдататын мәселелер көп, сонымен қатар болашақтың керемет перспективаларына толы әлемде өмір сүріп жатырмыз.
ХХ ғасыр ядролық соғыстың қорқынышты мүмкіндігімен және заманауи технологиялардың табиғатқа жойқын шабуылымен байланысты өзгерістерге толы болды.
Бірақ сонымен бірге біз өз тағдырымызды басқаруға, өмірді жақсы жаққа өзгертуге, тіпті алдыңғы ұрпақтар елестете алмайтын мүмкіндіктерге ие болдық.
Әлем қалай өзгерді?
Неліктен біздің жағдайымыз біздің ата-бабаларымыздың өмірінен соншалықты ерекшеленеді?
Болашақта қандай бағыттарда өзгерістер болады?
Аталған мәселелер қазіргі заманғы интеллектуалдық мәдениетте іргелі рөл атқаратын әлеуметтану пәнімен тікелей байланысты болып табылады.
...