Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеметтану теорияларына кіріспе. Әлеуметтанулық зерттеулер

Автор:   •  Октябрь 11, 2021  •  Контрольная работа  •  485 Слов (2 Страниц)  •  689 Просмотры

Страница 1 из 2

16.09.2021

№2 Тақырып

Әлеметтану теорияларына кіріспе. Әлеуметтанулық зерттеулер.

  1. Әлеуметтанулық теория.

Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйініп қалыптасады. Сол сияқты өзінің қалыптасуы сәтінен бастап, әлеуметтану теорияларға негізделіп дамыды. Әлеуметтану теориясының пайда болының нақты уақыты жоқ. Ежелгі заманнан адамдар әртүрлі ойларға және әлеуметтік өмірге қатысты өз теорияларын дамыған.  Әлеуметтану теориясының дами бастаған кезеңіндегі Карл Маркс, Макс Вебер, Эмиль Дюркгейм мен Георг Зиммель төрт бегілі ойшылдар қоғамдағы өзекті мәселелрді зерттеді. Гипотеза дегеніміз - теория дұрыс болған жағдайда шығатын қорытынды жайлы тұжырым.

Теориялыр:

  • Құрылымдық-функциялық теориясы (немесе құрылымдық функционализм) әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейді.

Негізгі үш тұжырымдамасы:

  1. Тұрақтылық – кез келген әлеуметтік үлгіні бағалаудың басты критерийі - оның қоғамды сақтауға қосатын үлесі.
  2. Үйлесімділік – ағзаның бөліктері секілді, қоғамның бөліктері де әдетте тұтастық үшін үйлесімді түрде жұмыс істейді.
  3. Эволюция – өзгеріс, ең алдымен, эволюция арқылы жүзеге асырылады, бұл дегеніміз - әлеуметтік құрылымдардың талаптарға, бейбіт түрде бейімделуі және қажетсіз, яғни,  ескірген құрылымдардың жойылуы.
  • Символдық интеракция теориясы (немесе символдық интеракционизм) адам әрекеттерінің субъективті мәнін және осы мәнді қалыптастырып, дамытатын процестерді қарастырады.

Үш негізгі нысандық тұжырымдамасы:

  1. Мән-мағына өте маңызды.
  2. Мән-мағына қарым-қатынастың арқасында дамиды.
  3. Мән-мағынаны адамдар өзара келісу арқылы жасайды.

  1. Әлеуметтанулық зерттеу дизайны.

Әлеуметтік зерттеулер  — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі. Әлеуметтік зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмперикалық рәсімдер жүйесі.

  1. Әлеуметтанулық зерттеді ұйымдастыру және өткізу.

Зерттеу әдістері:

  • Эксперимент – себеп пен салдарды зерттеу үшін өте ыңғайлы.
  • Сауалнама – барысында зерттеуші салыстырмалы түрде көп адамға стандартталған сұрақтар қояды. Кез келген сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді.
  • Құжатты сараптау – әлеуметтік ақпарат алудын тәсілі.
  • Қатыса отырып бақылау – мінез-құлық пен көзқарастарды мәндік түрғыдан зерттейді.
  • Контент анализ – тарихи зерттеулер үшін пайдалы.
  • Бар статистиканы пайдалану  тарихи зерттеулер үшін пайдалы.

Бақылау сұрақтары:

...

Скачать:   txt (7.1 Kb)   pdf (84.5 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club