Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтануға кіріспе

Автор:   •  Сентябрь 11, 2021  •  Реферат  •  653 Слов (3 Страниц)  •  979 Просмотры

Страница 1 из 3

  1. Әлеуметтануға кіріспе

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары  жөніндегі ғылым. Әлеуметтану - әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара әрекеттесуді және қоғамды жүйелі түрде зерттейді.

"Әлеуметтану" сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды.

Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін зерттеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын.

Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.

Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеуметтануға идеологиялық – апологетикалық роль берілді.

  1. Әлеуметтік қарым қаттынастар мен әлеуметтік институттар

Әлеуметтік қарым-қатыныстар -үлкен әлеуметтік топтардың (таптардың, мамандықтардың, этностардың және т.б.) өкілдері ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар.

Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез құлқын, олардың ұйымдарының институты. «Әлеуметтік институт» ұғымы қоғамдық байланыстарды стандарттау, реттеу, заңдастыруды сипаттайды. Ал сол стандарттау, реттеу, заңдастыру процесін «институттану» дейді. Ол заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ережелер, принциптер, нормалар мен бағдарларды құрайды. Бұлар адамдардың әрқилы қызметтерін, әркелкі іс-әрекеттерін бір әлеуметтік рольдер мен статустар жүйесіне, іс-әрекеттер жүйесіне ұйымдастыру үшін керек. Кез келген әлеуметтік

Тайбекова Мейірім ОМ-108

институттың пайда болып, қалыпты қызмет етуінің, яғни институттануының және қызметінің тиімді және дұрыс орындалуы мына факторларға байланысты:

- бұл мекеменің (ұйымның) қызметіне қоғамдық сұраныстың болуы;

- мекеменің (ұйымның) заңдық, нормативтік негіздері мен мақсат, міндеттерін дұрыс анықтаған құжаттардың болуы және реттелуі;

- әлеуметтік институттың функцияларын орындаушы маманданған кадрладың жеткіліктігі және олардың біліктілігі;

- мекеме немесе ұйым алдына қойылған функцияларды атқаруды қамтамасыз ете алатын материалдық базаның болуы.

...

Скачать:   txt (10.5 Kb)   pdf (77.9 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club