Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау

Автор:   •  Февраль 7, 2021  •  Контрольная работа  •  531 Слов (3 Страниц)  •  2,311 Просмотры

Страница 1 из 3

2 тақырып. Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау.

1 тапсырма

2.1 Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуының әлеуметтік-философиялық  алғышарттары:

- алғашқы антикалық әлеуметтік философтар: Платон, Сократ, Аристотель;

- орта ғасыр: әлемді теологиялық қабылдау;

- қайта өрлеу дәуірі:  Томас Мор,  Томмасо Кампанелла,  Фрэнсис Бэкон, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, А.Сент-Симон.

2.2 ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы классикалық әлеуметтану:  Алексии де Токвиль, Клод Анри Сен-Симон, Гегель, Фейрбах, Георг Зиммель, Густав Лебон,  Зигмунд Фрейд.

2.3 Заманауи әлеуметтанулық теориялар: символдық интеракционизм, құрылымдық-функциялық , жүйелер және конфликт теориялары.

2.1. Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.

Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).

Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).

Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.

2.2. Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (106.1 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club