Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау

Автор:   •  Сентябрь 16, 2021  •  Практическая работа  •  781 Слов (4 Страниц)  •  1,720 Просмотры

Страница 1 из 4

ХБ-21 Рахматулла Алмира

Тақырып № 2. Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау.  

Тапсырмалар:  

1. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуына талдау жасау (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).    

 Огюст Конт

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.                                                      Эмиль Дюркгейм

Әлеуметтаудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858-1917ж. ж.). Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал бұл методология «Социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек. Э.Дюркгеймнің әлеуметік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі- «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған . Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті – әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады. Э.Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі – ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам дамуының ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э.Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды қоғамдық еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді.                          

     

Герберт Спенсер

19ғ. аяғы мен 20ғ. басындағы батыс әлеуметтануының биорганикалық мектебі қоғамның дамуын табиғи ағза аналогы ретінде қарастыруы және әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтар негізінде түсіндіруге талпыныс жасаған бағыт. Оның негізгі өкілдері Г. Спенсер, Л.Гумплович, А.Гобино және т.б.

Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші».

2. Құрылымдық функционализм,    

құрылымдық функционализм немесе құрылымдық функционализм - әлеуметтану аясындағы мектептердің бірі. Ол қоғамның құрылысын көптеген топтардан және демографиялық мәліметтерден тұратын, бір-бірімен әрекеттесу арқылы қоғамды жедел, гүлденген және жұмыс істейтін машинаны сақтайтын үлкен организм ретінде ұсынады.

Сол организмнің мүшелерін құрайтын бұл топтар әр түрлі индикаторлармен анықталады, олар жиі қабаттасады. Байлық, жұмыс жағдайы, отбасы саны және қылмыстық әрекет - бұл осы топтарды анықтайтын атрибуттардың бірнеше мысалы.

 қақтығыс теориялары,      

Қақтығыстар (кең мағынада) сияқты мұндай құбылыс өмірді ұйымдастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл биологиялық түрлердің өміріне қатысты емес. Адамдар, жануарлар мен өсімдіктердегі жанжалдар - олардың дамуының табиғи жағдайы. Адамзат қоғамы үшін қақтығыс әлеуметтік дамуға ынталандырады.

...

Скачать:   txt (10.6 Kb)   pdf (156.2 Kb)   docx (604.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club