Үш тұғырлы тіл
Автор: koshikbayeva • Май 11, 2021 • Эссе • 1,109 Слов (5 Страниц) • 977 Просмотры
[pic 1]
ЭССЕ
Тақырыбы: Үш тұғырлы тіл
Орындаған: Кошикбаева Айгерим
Тексерген: Мекебаева Майгүл
Алматы 2020
Елімізде «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы 2006 жылдың қазан айында қабылданды, және де бұл бағдарламаны қабылдау біраз жылдар бойы талқыланды. Әрине ағылшын тілін білу өте пайдалы және де заман талабы осындай болып келеді. Адамның көп тіл білгені, оның көкірек көзінің ашылуына және де оның өмірінің көкжиегі кеңуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда 1 миллиардқа жуық халық ағылшын тілінде сөйлейді, оның ішінде 500 миллион халықтың ана тілі болып табылады. Ағылшын тілі – әлемде кең ауқымда қолданылатын тіл болып саналады. Ағылшын тілі жер бетіндегі 75 елде ерекше орын алады, ал 19 елдің мемлекеттік тілі болып табылады. Және де ағылшын тілі көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады [3]. Және де көптеген елдерде де орыс тілі екінші ресми тіл болып саналады, әсіресе ТМД елдерінде. Біздің мемлекетіміздің ана тілі қазақ тілі болса, орыс тілі - ресми тіл болып келеді, ал ағылшын тілі - халықаралық қатынас тілі болып саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деп айтып өткен еді [1]. Және де елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» — деп айтып кеткен еді [2]. Қазақстан халықының 20% қатар үш тілді де меңгерген деп айтып өткен еді Tengrinews.kz тілшісі. Зерттеудің көрсеткіштері бойынша, қазіргі таңда қазақстандықтардың көптеген бөлігі ағылшын тілін қарқынды түрде меңгеріп келеді. 1991 жылы ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі 2% ды құраған болса, 2012 жылы 11,6 пайызға дейін өскен екен, ал бүгін күнде оның үлесі 23,7% жеткен екен. Ал үш тілді білетін халықтың үлесі 2015 жылы 16% болса, 2016 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 20% дейін өскен екен. Елімізде үштілділік бағдарламасы білім беру жүйесіне 2016 жылы енгізілді [4].
Адамның жан жақты дамуы үшін көптеген тілдерді меңгерген өте пайдалы. Бірақ өз елінде туып енді ғана әлемді танып келе жатқан балаға өзінің туған тілінен, өзге тілді үйрету бұрыс. Өзге тілден бұрын бала ең алдымен өз ана тілін жетіп меңгеруі қажет.
Мектеп қабырғасына енді ғана келген бала өзінің туған тілін ғана оқу керек, себебі егер бала үш тіл оқитын болса, ол өзі білетін тілге көп көңіл бөлмей өзі білмейтін тілге көп көңіл аударатын болады. Яғни, бала мектепте ағылшын тілінде сөздер жаттаса, қазақ тілінде сөздер жаттамайды. Және де осының әсерінен көптеген сөздеріміз көнерген сөздер қорына еніп жатыр. Бірақ біздің елімізде 150ге жуық ұлт өкілдері бар, және де әр ұлттың өзінің жеке тілі бар. Яғни, мемлекетімізде әр ұлт өкілінің туған тілін үйрету өте тиімсіз және миға қонымсыз. Өзге ұлттар біздің елімізде тұрып жатқандықтан олар ең алдымен біздің тілімізді үйренуі керек. Себебі, оларды ешкім күштеп біздің елімізге әкелген жоқ, иә бұрын қудалау кезінде күшпен келген ұлттар көп. Бірақ біз егемендігімізді алғаннан бері 29 жыл болды. Және де олар осынша жылдың ішінде өз туған жеріне қайта оралуына болатын еді. Бірақ қателік біздің мемлекетімізден, себебі біздің елімізде ондай тек қана қазақ тілінде сөйлеу керек деген қағида жоқ. Мысалы, егер біз өзге елге барып тұрғымыз келсе біз сол елдің тілінде сөйлейміз. Бірақ біздің елімізге келушілер орыс тілінде сөйлейді. Сол
себепті неге бізге де өз туған тілімізді маңызды қылып, елімізге келушілерді неге қазақ тілінде сөйлетпеске.
Еліміздегі қазақ тілінің маңыздылығын ұлғайту үшін, біріншіден отбасында қазақша сөйлеу керек. Екіншіден еліміздегі балабақшалар қазақша болуы тиіс. Яғни, егер бала 5 жасқа толғанша өзінің туған тілінде ғана сөйлесе, кейін ол қандай тіл оқысада өзінің ана тілін ұмытпайды. Мысалы, мұсылмандарда бала дүниеге келгенде құлағына азан айтады. Алланың атын есіртеді. Яғни, бұны баланың санасына ең алдымен Алла кірсін деп жасайды. Және де бала мектепке баратын жасқа толғанша өз ана тілін санасында қалғанша меңгерсе, онда ол еш уақытта өз тілін ұмытпайды [5]. Бірақ қазіргі таңда отбасының өзінде тек қана қазақша сөйлемейді, және де бұған қоса ата аналар балаларын бала бақшаларда кішкентайынан орыс тілін үйренсін деп орыс топтарына береді. Тіпті тағы өскенде қиналмасын дей мекен мектептердің өзінде орыс сыныптарына береді. Және де бұған тағы әлеуметтік желілер де әсер етеді. Яғни теледидарлардағы мультфильмдерді, жарнамаларды және киноларды кішкене балалар қызығып көреді. Ал бұл желілерде көбінесе қазақша емес орысша болады, сондықтан балалар мектепте де бірнеше жылдар ана тілін меңгеруі керек.
...