Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эмиль Дюркгейм әлеуметтануды неліктен әлеуметтік фактілер деп атады? «Әлеуметтік рөл» ұғымын енгізген ғалымдар кімдер?

Автор:   •  Ноябрь 23, 2020  •  Контрольная работа  •  676 Слов (3 Страниц)  •  508 Просмотры

Страница 1 из 3

4. Эмиль Дюркгейм әлеуметтануды неліктен әлеуметтік фактілер деп атады?

Жоспар:

1. Дюркгейм өмірбаяны
2. Дюргеймнің әлеуметтані жөніндегі қөзқарастары

    Қорытынды  

    Қолданылған әдебиеттер мен сайттар тізімі

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) француз әлеметтанушысы, саясаттанушысы. Дюркгейм негізінен ұжымдық сана рөлі, оның әртүрлі түрлерін зерттеген. Ол өз тұжырымындасында әлеуметтік шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенеді. Осы қағидаға сүйене отырып, ол қоғамды индивидтерден моральдық және күштік (физический) тұрғыдан жоғары қойды. Келесі ынтымақтыстық - ең жоғаргы моральдық принцип ретінде қарастырылды. Қоғамдағы екі механикалық және органикалық ынтымақтастықты тұтас даму бөліктері деп көрсетті. Механикалық ынтымақтастық архаикалық қоғамға, индивидтердің, олардың қоғамдық функцияларының бір-біріне ұқсастығына және жете дамымағанына негізделді. Органикалық ынтымақтастық Дюркгейм бойынша қазіргі кезеңдегі Қоғамдарға тән, ол еңбекті белуге негізделеді.

1896 жылдан Бордо, 1902 жылдан Сорбонна университеттерінің әлеуметтану және педагогика профессоры, "Annес Sociologigue" журналының негізін салушы. Р.Декарт, К.А. де Р.Сен-Симон дәстүрін жалғастырып, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо И.Кант, Т.Спенсер, О.Конт, т.б. шығармаларын зерделеген. Ол негізінен, үжымдық сананың, оның әр алуан пішімдерінің (діннің, ахлақтың, құқықтың) рөлін зерттеді. Әлеуметтануды адам туралы ғылымдардың арасында жоғары бағалап, әлеуметтік болмыстың онтология проблемаларын түсіндіруге арқау етті. Әлеуметтанудағы биологиялық және психологиялық бағыттың редукциялык әдістеріне (барлық пәндер үшін ортақ тұжырым түю арқылы ғылыми білім бірлігі мәселесін шешуге арналған тәсілдер) қарсы шықты. Дюркгеймнің пікірінше, адам дегеніміз - жекеше және әлеуметтік қасиеттерді бойына жинақтаған екіұдай шындық (homo duplex), әсіресе, соңғысы адам болмысында басымдық иеленеді. Міне, сондықтан қоғам индивидтердің алуан түрлі өзара байланыстарының нәтижесінде пайда бола отырып, даралықтан тыс және даралықтан үстем болмысты құрайды. Дюркгейм "Әлеуметтанулық әдістің қағидасы" (1895) атты кітабында өзінің методологиясындағы басты қағиданы "әлеуметтік фактілерді заттар ретінде қарастыру керек" деп түйіңдеді. Жалпы, Дюркгеймнің философияға көзқарасы екіұдай әрі қарама-қарсылықта болды. Бір жағынан, ол өзінің әлеуметтанулық тәсілдерінің әлдеқандай философиялық тұжырымдарға тәуелсіздігін ерекше қасиет тұтты, сол арқылы әлеуметтік философияның толып жатқан бөстекі ділмарлығын жек көретіндігін аңғартты. Екіншіден, Дюркгейм философиялық мәселелердің барлығын әлеуметтану ілімі тұрғысынан шешуге талпыңды.

Э.Дюркейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жылпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделерінегізгі рөл атқарады.

Қолданылған әдебиеттер мен сайттар тізімі:

https://stud.kz/referat/show/32992#&gid=1&pid=12

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BC%D0%B8%D0%BB%D1%8C_%D0%94%D1%8E%D1%80%D0%BA%D0%B3%D0%B5%D0%B9%D0%BC

21. «Әлеуметтік рөл» ұғымын енгізген ғалымдар кімдер?

Жоспар:

1.Әлеуметтік рөл тұжырымдамасы

2.Әлеуметтік рөл ұғымын енгізген ғалымдар

    Қорытынды

  Қолданылған әдебиеттер мен сайттар тізімі

Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі.

Әлеуметтанудағы әлеуметтік рөл тұжырымдамасын алғаш рет Р.Линтон енгізді деп есептеледі, дегенмен Ф.Ницшеде бұл сөз толығымен социологиялық мағынада пайда болған: «Болмыстың сақталуы туралы қамқорлық еуропалықтардың ер адамдарының көпшілігіне қатаң түрде белгілі бір рөл атқарады, олар айтқандай, мансап». Әлеуметтану тұрғысынан қоғамның немесе топтың кез-келген ұйымы әртүрлі рөлдер жиынтығының болуын болжайды. Атап айтқанда, П.Бергер «қоғам - бұл әлеуметтік рөлдердің желісі» деп санайды.

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (92.8 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club