Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эмиль Дюркгейм «Әлеуметтану әдісі»

Автор:   •  Октябрь 16, 2020  •  Эссе  •  669 Слов (3 Страниц)  •  922 Просмотры

Страница 1 из 3

Енді әлеуметтанулық ұлттық мектептердің ерекшеліктеріне назар аударалық. Әлеуметтік жүйелерді талдауды әлеуметтік ғылымдардың статусы тұрғысынан эпистемологиялық ойлармен байланысты қарастыру — француз мектебіне тән болды. Эмиль Дюркгейм өзінің атақты «Әлеуметтану әдісі» деген еңбегінде ғылыми әлеуметтану негізін салды. Эпистемологияны қолдана отырып, француз әлеуметтануы шынында кең ауқымды ғылыми мектептерді дүниеге алып келді.Э.Дюркгейм 1895 жылы жеке басылым болып жарық көрген «Әлеуметтану әдісі» кітабында әлеуметтануды философиядан түбегейлі бөліп алу мақсатын қояды. Ол қандай да болмасын қитұрқы әрекеттен бас тарта отырып, әлеуметтанудың ғылыми аппаратын жасау қажеттілігін және әлеуметтануды жүйеленген ғылымға айналдыруды көздейді. Эмиль Дюркгейм әлеуметтік фактілерді «зат есебінде» қарастыру кажет деп жазады.

Әлеуметтік индивидтің ерекшелігін, sin generis-тің нақтылығын негіздеу арқылы әлеуметтанудың ғылым ретіндегі заңдылығы мойындалуы тиіс дейді. Эмиль Дюркгеймнің осы объективистік көзқарасы — әдіснамалық принцип. «Әлеуметтік нақтылық, сол әлеуметтік нақтылық туралы біздің түсініктеріміздің көмегімен тікелей беріледі деу — бос қиял, сондықтан әлеуметтану эксперимент енгізуі керек». Осы принциптерді талдауға Э.Дюркгейм өз еңбегінің негізгі бөлімін арнайды да, үш негізгі идеяны пайдалана отырып (топтау, түсіндіру, дәлелдеу), жүзеге асырады.            Эмиль Дюркгейм өзі өмір сүрген кездегі табиғат туралы ғылымның үлгісіне сәйкес тұжырым жасайды. Ғылымның максаты — құбылысты байланыстыратын каузалды заңдарды іздеу; ғылым тікелей немесе жанама түрде жүргізілген экспериментке сүйенеді. Әлеуметтану ғылымы жүйелі түрде мәліметтердің топтамасын бақылау арқылы осы мәліметтердің салыстырмалы нұсқаларын тіркеуге және түсіндіруге, тәптіштеуге тырысады. Э.Дюркгейм әлеуметтанудағы эпистемология тұрғысынан енгізген әдістің екі жақты табиғаты бар: біріншіден, ол — социологияны белгілі бір ғылымилықтың үлгісі шеңберіне орналастырады (табиғат туралы ғылым үлгісі), ал екінші жағынан ерекше зерттеу бағдарламасын (каузалды талдау бағдарламасы) кұрастырады. Осы екі бағыт француз әлеуметтануына күні бүгінге дейін ықпал етіп келеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін бұл бағыттардың жағдайы туралы сөз болған жоқ. Әлеуметтану философия аясында ғана болды. М.Мосс пен М.Хальбвакс жұмыстары жарықка шыққанына қарамастан, олар Э.Дюркгейм қол жеткізген беделге жете алмады. Эпистемологиялық рефлексия әлеуметтану туралы жалпы және академиялық пікірлер арасынан екі әдіснамалық мәселеге катысты ерекшеленеді де сол жерге топталады: біріншісі — әлеуметтік-экономикалық статистиканың институттары мен құралдары дамыған дәуірде әлеуметтануға статистикалық талдауды енгізу туралы мәселе. Екінші әдіснамалық тәсіл -антропологиялық талдау әдісі туралы Мосс көптеген очерктер мен мақалалар жазды, бірақ өз ойларын біртұтас еңбек етіп жариялаған жок. Француз ғалымдары арасынан Р.Арон, Ж.Фридман, К.Леви-Стросс антропологиялық талдауды өз зерттеулеріне арқау ете отырып, табысқа жетті.                      Эмиль Дюркгеймнің объективизмін Франциядан басқа жерлерде қабылдады әрі сынады. Мысалы, оны натурализм және позитивизм ағымдарының өкілдері қатты сынға алды. Айталық, «Рух туралы ғылым» мен «Ұғыну әлеуметтануы» (Дильтей, Вебер, Зиммель), сондай-ақ Гегель мен Маркс идеяларына жан бітірген Франкфурт мектебі (Адорно, Хоркхаймер) сынады. Ал АҚШ-тағы стандартталған сұрау салу нәтижесін кодтау мен себептіліктің математикалық талдауы Э.Дюркгейм ілімінің ерекше бағытын дамытты. Францияның өзінде Эмиль Дюркгейм ілімін сынға алғандардың арасында этнология мен сюрреализмнің шекарасында пайда болған ағым да болды. Аталмыш ағым ұзақ өмір сүрмесе де, табысты болды деуге болады. Бұл бағыттағылар обьективизм мен каузализм ойдың шарықтауына, кең құлаш сермеуіне кедергі деп түсініп, интерпретативті әлеуметтануды жақтады. Раймон Арон неміс ғылымында дамыған эпистемологиялық импликацияларды зерттеді. Ол неоканттық философия және ұғыну социологиясымен шектелген жоқ, «Тарих философиясына кіріспе» деген еңбегінде тарихи танымның объективтілігі мен тарих пен социологиядағы себеп-салдарлық әдісті пайдалану тәсілдері туралы ой қозғады.                                      Макс Веберге сүйене отырып, Р.Арон әрекеттің мәнін ұғынуды — оның нәтижелерін түсіндірумен байланыстырды. Осылайша, себеп-салдарлықтың бірнеше түрін көрсетті. Мысалы, тарихи-социологиялық, табиғи-тарихи. Р.Арон бір ғана үлгінің болуын дұрыс емес деп тапты. Р.Аронның көзқарастары кең колдау таппады. Францияда эмпириялық әлеуметтанудың дами бастағанын байқауға болатын еді, тіпті екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары Э.Дюркгейм өз елінде ұмытылған десе де болғандай еді. Э.Дюркгейм ұсынган каузалдық әдісі («Өзін-өзі өлтіру» еңбегінде ол осы әдісті бірінші рет пайдаланды) америкалық зерттеу бағдарламаларында қолданыс тапты. Негізінен осы әдіс П.Лазарсфельдтің тікелей ықпалымен жүйеге келтірілген еді. «Белгілі бір айнымалы X шама Ү айнымалы шамасының өзгеруіне ықпал етеді» деген қарапайым қағида каузалдық түсінігін тым жұтаң күйге түсірер еді. «X — Ү» формуласы өте күрделі каузалды жүйелердің өте қарапайым түрін белгілейді.

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (71.7 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club