Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау
Автор: Vjklbh • Декабрь 9, 2019 • Реферат • 1,448 Слов (6 Страниц) • 20,863 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Мәдениеттану және дінтану кафедрасы
Мәдениеттану мамандығы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: "Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау"
Орындаған: Мұхтар Мөлдір Маратқызы
Тексерген: Омарғазы Ерғали Ерғазыұлы
Алматы 2019
Тақырыбы: "Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау"
Саясат (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейіп, ол бірнеше мағынаны білдірді:
- өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті қолында ұстауға, оны пайдалануға байланысты мемлекеттер, әлеуметтік топтардың, жеке адамдар мен бірлестіктердің қызметі;
- мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің мақсатын, мазмұнын анықтау;
- адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
- мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті оқиғалар жиынтығы.
Саясаттың негізгі мақсаты - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету. Саясат саласында қолданылатын негізгі түсініктемелер саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады. Оларға: билік, саясат субъектілері, саяси ұйым, саяси қатынастар, саяси сана, саяси мәдениет жатады. Кейде олар саясаттану ғылымының басты категориялары деп те аталады. Бұл құраушы бөліктер немесе саясаттың элементтері, саясатқа бағдар, сипат, мақсат береді.Мәселен билік саясатты жүзеге асыру бағыты мен тәсілін ұсынады.Биліктің көмегімен мемлекеттің белгілі бір таптардың, топтардың саясаты жүзеге асырылады.Саясаттың сипаты мен бағыты биліктің оның ресурстарының, құралдары мен қайнар көздерінің, қоғамда орнаған режим мен жүйелердің ерекшеліктерінің көмегімен өзгеруі мүмкін. Көптеген жағдайларда саясат жекеленген субъектілердің: саяси көшбасшы, саяси топтар, таптарға, партиялардың әрекеттеріне де байланысты болады. Олар қоғамның саяси саласындағы өзгерістерге үлкен ықпал етеді. Саяси ұйымдар мен мекемелер болса х алықты саяси топтастыруға мүмкіндік беріп, олардың әрекеттеріне бағыт бағдар ұсынып, идеологияны қалыптастырады. Бұндай ұйымдарға саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, қозғалыстар жатады. Саясаттың негізгі түсініктемелерінің бірі ол саясат субъекктілері болып табылады. Саясат субъектілеріне жататындар, саяси іс-әрекеттерін басты мақсат көрмейтін, бірақ саяси тіршілікке қатысып, өз ықпалын тигізіп тұратын тұлғалар немесе мекемелер. Саясаттың субъектілері – басты субъектісі - тұлға одан кейін, мемлекеттік билік органдары мен басқармалары, көшбасшылар мен саяси партиялар, қозғалыстар, әлеуметтік топтар жатады. Бұлар саясат тіршілігіне араласып, өз мүдделерін іске асыруды мақсат етеді және әрқайсысының арқауында белгілі бір әлеуметтік топтар тұрады. Сонымен қатар, саясаттың субъектісі ретінде тұлғалар мен әлеуметтік ұжымдарда, көздеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, өздері жоспарлаған бағдарламаларын іске асыру барысында таныла алады. Саясат субъектілерінде өз мүдделерін қорғау барысындағы саяси кеңістікте жүріп жатқан саясат тіршілігіне зор ықпалын тигізіп жататын саяси көшбасшылары да табылып жатады. Саяси ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Қазіргі таңда Қазақстанда саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялар мен ұйымдардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық ұйымдар мен партиялар әлі де даму үстінде деп айтуға болады. Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт - бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді. Саяси сананың ерекшелігінің бірі – мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы болуында жатыр Негізінде еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі – оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда, ұлтымыздың басын қосатын, ілгері жол бастайтын бірнеше ұлттық идеялар дамыту қажет деп есептеймін. Ал бұл саяси санамен тікелей байланысты. Саяси санасы жоғары адам идеяны дамыта алады. Олардың кейбірі мыналар: жоғары технологияны игеруге деген ұмтылыс, ұлттың ішкі бірлігіне қол жеткізу, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен тәлім-тәрбиесіне баса көңіл бөлу, билікті заңды сыйлауды үйреніп, бойымызға сіңіру. Саяси жүйенің саяси санамен байланысты субъективтік жағын білдіру үшін «саяси мәдениет» ұғымы қолданылады. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам дауға ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.
Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып, жетілуін еңбекші халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған абзал. Ал білімді арттыруда алдымен сауаттылық қажет екенін ескерген жөн. Саясатты қоғамдық өмір саласы ретінде ұғыну саясаттың өнер екендігіне дәлел болады. Атап айтар болсақ, саясат мемлекетті шебер басқарудың өнері, белгілі бір топтың мүдделеріне жауап бере алатын саяси қызмет өнері, билікті іске асыру, оны жеңіп алу, не болмаса сақтау өнері бола алады.Саяси өнер – бұл қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана білу, теориялық білімді, пайымдауларды шабытпен, жорамалмен, сезіммен, шығармашылық батылдықпен әрі құрғақ қиялмен ұштастыру негізінде дұрыс шешімдер қабылдай білу. Демек, саясат өнер ретінде – ойластырылған қадамдар, іс-әрекеттер, айлалар, келісімдер, шегінулер, айналып өтулер, қысымдар, топшылаулар. Осыған орай, саясат өнер ретінде – кеңістік пен уақыт көлемінде адамдарға өз әсерін тигізетін, жоспарларымен әрі нәтижелерімен көптеген тағдырларға ықпал ететін сыналған, ойластырылған қызметтің тұтас, орасан зор жүйесі екендігін айтуға болады. Сонымен, қорыта айтқанда, шебер саясат – бұл жан-жақты ойластырылған, сақ саясат. Ол әрбір адамнан ақылы мен еркінің барынша жинақталуын, оғаш мінезі мен қызбалығын көрсетпеуді талап етеді. Егер қолданыстағы саясат үлгілі, өнегелі, адамгершілік мақсаттарға – адамдарды бақытты етуге, өмірдің қуанышын көрсетуге бағытталған болса, онда мұндай саясат пен саяси қызмет бен ұрпақ тарапынан жоғары бағалануға, әрі мойындалуға лайықты. Бүгінгі таңдағы саясаттың басты мұраты – адамгершілікті ту етіп көтерген әділетті, демократияшыл, өркениетті қоғам орнату мақсаттарына қызмет ету болып табылады.
...