Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау
Автор: oknijb • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 1,391 Слов (6 Страниц) • 524 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Мәдениеттану және дінтану кафедрасы
Мәдениеттану мамандығы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: "Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау"
Орындаған: Мұхтар Мөлдір Маратқызы
Тексерген: Омарғазы Ерғали Ерғазыұлы
Алматы 2019
Тақырыбы: "Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау"
Саясат (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейіп, ол бірнеше мағынаны білдірді:
өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті қолында ұстауға, оны пайдалануға байланысты мемлекеттер, әлеуметтік топтардың, жеке адамдар мен бірлестіктердің қызметі;
мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің мақсатын, мазмұнын анықтау;
адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті оқиғалар жиынтығы.
Саясаттың негізгі мақсаты - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету. Саясат саласында қолданылатын негізгі түсініктемелер саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады. Оларға: билік, саясат субъектілері, саяси ұйым, саяси қатынастар, саяси сана, саяси мәдениет жатады. Кейде олар саясаттану ғылымының басты категориялары деп те аталады. Бұл құраушы бөліктер немесе саясаттың элементтері, саясатқа бағдар, сипат, мақсат береді.Мәселен билік саясатты жүзеге асыру бағыты мен тәсілін ұсынады.Биліктің көмегімен мемлекеттің белгілі бір таптардың, топтардың саясаты жүзеге асырылады.Саясаттың сипаты мен бағыты биліктің оның ресурстарының, құралдары мен қайнар көздерінің, қоғамда орнаған режим мен жүйелердің ерекшеліктерінің көмегімен өзгеруі мүмкін. Көптеген жағдайларда саясат жекеленген субъектілердің: саяси көшбасшы, саяси топтар, таптарға, партиялардың әрекеттеріне де байланысты болады. Олар қоғамның саяси саласындағы өзгерістерге үлкен ықпал етеді. Саяси ұйымдар мен мекемелер болса х алықты саяси топтастыруға мүмкіндік беріп, олардың әрекеттеріне бағыт бағдар ұсынып, идеологияны қалыптастырады. Бұндай ұйымдарға саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, қозғалыстар жатады. Саясаттың негізгі түсініктемелерінің бірі ол саясат субъекктілері болып табылады. Саясат субъектілеріне жататындар, саяси іс-әрекеттерін басты мақсат көрмейтін, бірақ саяси тіршілікке қатысып, өз ықпалын тигізіп тұратын тұлғалар немесе мекемелер. Саясаттың субъектілері – басты субъектісі - тұлға одан кейін, мемлекеттік билік органдары мен басқармалары, көшбасшылар мен саяси партиялар, қозғалыстар, әлеуметтік топтар жатады. Бұлар саясат тіршілігіне араласып, өз мүдделерін іске асыруды мақсат етеді және әрқайсысының арқауында белгілі бір әлеуметтік топтар тұрады. Сонымен қатар, саясаттың субъектісі ретінде тұлғалар мен әлеуметтік ұжымдарда, көздеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, өздері жоспарлаған бағдарламаларын іске асыру барысында таныла алады. Саясат субъектілерінде өз мүдделерін қорғау барысындағы саяси кеңістікте жүріп жатқан саясат тіршілігіне зор ықпалын тигізіп жататын саяси көшбасшылары да табылып
...