Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау
Автор: Bal Balau • Ноябрь 21, 2021 • Эссе • 789 Слов (4 Страниц) • 454 Просмотры
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР КАФЕДРАСЫ
ББ20-01
[pic 1]
№1. СӨЖ тақырыбы:
Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау.
Орындаған: Тажокова Балауса Берікқызы
Тексерген: Ахмаганбетов Руслан Муханбеткалиулы
2021ж.
Жалпы саясат грек тілінен шыққан сөз, ол бастапқы уақыттарда «мемлекет және ондағы қоғамдық болып жатқан істер» және «мемлекетті басқарудың шебер әдістері» дегенді білдірген екен. Алайда, бұл саясат сөзінің қоғамдағы қолданылуы кең өріс тапқаннан соң, әрі термин ретінде түсіну жағынан мағынасы кеңейген соң да ол – «мемлекетті басқару өнері» деген мағынаға ие болған екен. Тек ол ғана емес қазіргі таңда ол сөз бірнеше түсініктерде қолданылады, солардың бірі:
- өздік жеке мүдделерін жүзеге асыруға, қорғауға, оны пайдалануға бағытталған саяси билікті қолға алуға байланысты мемлекеттер, индивидтердің, әлеуметтік топтар мен бірлестіктер қызметі;
- тұлғалардың белгілі бір мақсатқа жету үшін бағытталып жасалған іс-әрекеттер сипаты;
- мемлекеттегі және қоғамдағы болып жүрген күнделікті оқиғалар жиынтығы.
Сонымен саясаттың негізгі мақсаты – қоғамдық өмірдегі негізгі салаларды біріктіру, әрі қоғамның бірлігі мен біртұтас тұрақты болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Саясат саласының қолданыс аясындағы негізгі түсініктемелер, яғни билік, саяси қатынас, саяси сана мен мәдениет, сондай-ақ, әрине, саясат та осы саясат саласының негізі құрамдас бөлігін қалыптастырады. Кей кездерде оларды саясаттанудың негізгі категориялары деп те атайды екен. Осындай саясат элементтердің саясат ғылымындағы маңызы – белгілі бір мақсаттта бағыт-бағдар мен сипат беруі болып табылады. Ал саясаттың сол сипаты мен бағыты биліктің ресурстары, құралдары және көздері, қоғамда белгіленген режимдер мен жүйелер арқылы өзгеруі де мүмкін.
Көбінесе саясат жекелендірілген субъектілердің іс-әрекеттері: саяси көшбасшы, саяси топтар, таптар, партияларға тәуелді болады. Сондай-ақ олар қоғамдағы саяси саланың өзгерістеріне үлкен әсер етеді. Ал саяси ұйымдар мен мекемелер халықтың саяси топтасуына мүмкіндік беріп, олардың іс-әрекеттерін бағдарлар идеологиясын қалыптастыра отырады, әрі мұндай ұйымдарға саяси партиялар менен қоғамдық бірлестік ұйымдар жатады.
Саясаттың басты түсіндірмелерінің бірі – саясат субъектілері. Саяси субъектілерге қатыстылар: саяси әрекеттерді басты мақсат етпей, саяси өмірге қатыса отырып, оған әсерін тигісіп тұратын адамдар немесе мекемелер.
Саясат субъектілері – жеке тұлға, мемлекет билігінің органдары, саяси партиялар мен оның көшбасшылары, сондай-ақ әлеуметтік топтар. Олар саясат тірлігіне қатысып, өздік мүдделерін жүзеге асыруды мақсат етіп қояды және әрбірінін әрекет нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік топтар құрады.
Саяси ұйым – белгілі бір мақсатты орындауға құрылған, әрі ресми ережелер құрылымымен, билік қатынастарымен, шектеулі қабылдаулармен сипатталатын ұжымдардың түрі. Қазіргі уақытта Қазақстанда саяси партиялар және көптеген қоғамдық ұйымдар бар. Олардың бағдарламалары менен алдарына қойған мақсаттары айқын көрсетіледі. Демократиялық қоғам құрудағы партиялар мен ұйымдардың рөлі орасан зор, сондай-ақ еліміздегі қазіргі ұйымдар мен партиялар әлі де даму үстінде десек болады.
...