Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау

Автор:   •  Сентябрь 19, 2022  •  Творческая работа  •  588 Слов (3 Страниц)  •  255 Просмотры

Страница 1 из 3

Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау

Саясат дегеніміз мемлекеттің және қоғамның өміріндегі оқиғаларды білдіреді. Жалпы саясаттың бірнеше негізгі түсініктемелері бар «Саясат» сөзінің ғылым бойынша түсініктемелері күнделікті ойлардан қатаң логикаға келетін дәлелдеуде, жалпылауда және жүйелеуде ерекшелігін көрсетеді, десе де олар пікірлердің шамалы сәйкессіздігін теріске шығармайды.

 Саясаттың сан алуан ғылым бойынша  түсініктерін бірқатар топтарға жіктеуге болады.  Бұл топтарды ажыратудың шектері саясатты түсіндіру үшін пайдаланылатын жалпылама зерттеме тәсілдері: социологиялық, мазмұндық және жүйелік, сондай-ақ анықтамаларда ерекше атап өтілген оның қоғамдағы ең маңызға ие конститутивтік қасиеттері және атқаратын қызметтері. Бұл тәсіл бойынша саясат түсініктемелерін үш топқа жіктеп көрсетуге болады: социологиялық, мазмұндық және ғылым тұрғыда құрылған, саясатты анық түсіндіруге қатысты.

 Саясаттың социологиялық анықтамалары социологиялық көзқарасқа сүйене отырып, оны әртүрлі  қоғамдық қатынастар: экономикалық, әлеуметті топтар, құқық, моральды, мәдениетті, діни тұрғыдан сипаттайды.  Қоғамда бейнеленген салалар бойынша бұларды экономикалдық, стратификациялдық (әлеуметті), құқықтық, этикалық (нормативтік) және т.б. жіктеуге болады.

Марксизм бойынша және экономикалдық детерминизмнің әртүрлі концепцияларында барынша айқын көрсетілген саясаттың экономикалық анықтамалары саясатты экономикалық негіздегі қондырма түрінде, экономиканың, оның қажеттіліктерінің және мүдделерінің жинақталған сипаты түрінде көрсетеді.  Саясат әлеуметтік өмірдің белгілі бір салалары түрінде бұл тұрғыда тек салыстырмалық, шекті автономияны қалыптастыра отырып, өзінің дербестігінен айырылады.  

Саясаттың социологиялық түсініктемелерінің ерекше құрамдас бөліктері оның стратификацияланған түсініктері болып келеді.  Олар саясатты қандай да бір қоғамдық топтар: таптар және ұлттар арасындағы немесе мүдделік топтардың – өз мүдделерін билік көмегімен іске асыру мақсатындағы бәсекелестік деп түсіндіреді (А. Бентли, Д. Трумэн және т.б.).  

 Саяси ойлар тарихы бойынша, сондағы заманауи теоретиктердің ішіндк саясаттың құқықты концепциялары көбірек берілген.  Олар саясаты, мемлекетімізді құқықтан және де бірінші әлеуметтік құқықтың, заңнамалардың және мемлекеттік қызметтің негізінде жатқан адамдардың табиғи түрдегі құқықтарынан туындайды деп есептейді.  Саясаттың құқықты концепциясының айқын мысалы ретінде оның Спиноза, Гоббс, Локк, Руссо, Кант секілді танымал ойшылдары берген контрактивистік («қоғамдық шарт») теориялары табылады.  Бұл теорияларының мағынасы саясат пен мемлекетті әрбір адамдарға туғаннан бастап тән негізгі құқықтарын: өмір сүруге, бостандықта болуға, қауіпсіздікте жүруге, меншікке және т.б. қорғауға арналған мамандандырылған қызмет ретінде түсіндіру болып табылады.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (59.8 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club