Менің түсінігімде әділеттілік
Автор: AshetAsem • Октябрь 16, 2021 • Эссе • 425 Слов (2 Страниц) • 1,083 Просмотры
Эссе
Менің түсінігімде әділеттілік
Біз өмір сүретін орта жақсы мен жаманнан тұратыны барлығымызға мәлім. Кез келген жағдайда өзінің артықшылқтары мен кемшіліктері бар. Сол секілді қоғамда болып жатқан, болатын жаңалықтар үнемі жақсы немесе жаман болуы мүмкін емес. Қоғам өзгеріске толы. Ал бірақ қай өзгеріске бет бұратынымыз әр адам, әр тұлғаның өзінің қолында. Барлығымыз бірдей жақсы атану мүмкін емес, ол тағдырдың қолында.
Дүниеге келген индивид ең алғаш адаптациядан өтеді. Тұрғылықты өлкеге, жерге, салт-дәстүрге үйренеді. Бірақ қоғамды құрайтын отбасы барлығы бірдей дұрыс тәрбие бере алмайы. Міне, осы тұстан адамның қандай тұлға болып қалыптасатындығы шешілетіндей. Отбасынан алынатын тәрбие базасы ол фундамент болып қалыптасады, сол себепті ол өте маңызды тәрбие. Баланы әділеттілікке, жанашарлыққа, кеңпейілділікке, жалпы адам бойы сіңіре алатын жақсы қасиеттерге үйрету өте маңызды. Ұрпақты дұрыс тәрбиелей отырып қана біз кейінгі ұрпаққа сенімді бола аламыз. Айтылған қасиеттердің ішінде өте маңызды қасиет ол - әділеттілік. Әділеттілік- бар тірі жан талап ететін қасиет деп білемін. Әділеттілік бар жерде ғана жақсы қарым қатынас болады. Әділеттілік тек екі жағдайда бұзылады:
- Адамның өзіне пайда келсе, яғни эгоизммен түсіндіріледі.
- Адам сол іске баруға мәжбүр болды, әртүрлі жағдайға байланысты.
Әділетті болу үшін адал болы шарт. Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздйтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
...