Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Логопедия дегеніміз

Автор:   •  Апрель 23, 2018  •  Реферат  •  669 Слов (3 Страниц)  •  1,781 Просмотры

Страница 1 из 3

Логопедия дегеніміз – сөйлеу  тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым. Логопедия – логос (сөз және пайдео) тәрбиелеймін, үйренемін деген грек сөздерінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі. Логопедияның зерттеу объектісі – сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектермен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады.

Дислалия гректің dis –бұзылу, logos сөйлеу) дегеніміз- есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай дислалия мынадай түрлерге бөліндеі:

 1.Сигматизм

 2. Ротацизм 

 3.Ламбдацизм 

 4. Сөйлеу тіліндегі айтылуында болатын таңдай дыбыстарының    ақаулықтары;

 5.Ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы

 6. Жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары.

Сигматизм – (гректің сигма) деген әрпінің дыбысталуымен ысқырық /с,сі, з, зі ,ц/ және ызың /ш,ж,ч,щ/ дыбыстарының айтылу мүкістіктерін білдіреді. Сигматизм – сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуында ең көп тараған түрлері.Кәзіргі кезде бір сигматизмнің өзінің бірнеше түрлері бар: тісаралық сигматизм,тіс-еріндік сигматизм,тіс алды сигматизімі,ызыңдық парасигматизм,бүйір тілдік сигматизм, мұрындық сигматизм. Көбінесе 3 пен 7 жастағы балалардың араснда кең тарал,ған бұл дислалация түрін түрлеріне байланысты әртүрлі методикалар арқылы анализдеп және толығымен емдеуге болады.

Жалпы әрбір методиканы бастамастан бұрын ата-аналарға төмендегі жайытты ескерте білуіміз қажет: 

Сөйлеу тілі толық жетілмеген баланың мектептегі оқу үлгерімі нашар болатыны сөзсіз. Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің қандайын болмасын  орнығып, қиындап кетпей тұрғанда мектеп жасына дейін жою керек. Сонымен бірге, баланың мектеп жасына дейінгі кезеңіндегі сөйлеу тілі күшті қарқынмен күн сайын дамитынын және тілі кез-келген дыбысқа еліктегіш, қабылдағыш, бұрмалауға көнгіш, өте жұмсақ иілігіш келетінін ұмытпау керек. Сондықтан дислалияның барлық түрлері жеңіл, әрі тез жойылады.Сондай–ақ, сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы күрделі мүкістіктер толып жатқан қатты асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін және баланың ауызекі сөйлеу тілі мен жазу тіліде  басқа кемістіктерді шығаратынын ескеру қажет.

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (466.8 Kb)   docx (356.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club