Коммуникация
Автор: sashass_04 • Декабрь 4, 2022 • Реферат • 963 Слов (4 Страниц) • 317 Просмотры
Коммуникация (лат. Commuicatio – хабарлау, беру әдістері) яғни адам, топ, халық, мемлекеттердің өзара байланысқа түсетін қажетті элементі болып табылады. Коммуникациясыз әлеуметтік қауым, әлеуметтік жүйе, институт, ұйымдар мен т.б. қалыптасуы, әлеуметтену мен социумның бүгінгі таңдағыдай болуы мүмкін емес. Коммуникация – бұл механизм, яғни биліктін бір тұтқасын ұстайтын жүйе деп тануымызға болады. 1948 ж. Американ политологы Г.Лассуэл бес элементті өзіне қамтыған, қарапайым коммуникативтік үдірістің моделін ұсынды:
- Кім? (хабар беруші) - коммуникатор
- Не? (беріледі) – хабар
- Қалай? (хабардың жүзеге асуы) - канал
- Кімге? (хабардың бағыты) - аудитория
- Қандай эффектімен? - эффективті
Коммуникацияның түрлеріне тоқталатын болсақ: тұлға аралық, топтық және бұқаралық.
Тұлға аралық коммуникация адамдардың «бетпе-бет» тікелей байланыста болуы. Бұндай коммуникация серіктестердің психологиялық өте жақын екендігін, яғни бір-бірін түсініп және қолғабыс беретіндігін анықтады. Тұлға аралық коммуникацияда үш өзара байланыстын жақтарын бөліп көрсетеді: коммуникативтік, перцевтивті және инерактивті. Тұлға аралық коммуникацияның коммуникативті жақтары серіктестер арасындағы пікірлесудегі ақпараттын алмасуы. Тұлға аралық коммуникацияның интерактивтік жақтары өзара әрекет етушілердің арасындағы әрекет алмасуы. Тұлға аралық коммуникацияның перцептивті жақтары адамдардың бір бірін түсінуі мен қабылдау үдірісі, белгілі бір тұлға аралық қатынастын қалыптасуы.
Бұқаралық коммуникация – бұл ақпараттардың таралу үдірісі мен арнайы құралдар арқылы қоғамға ықпал етуі: баспасөз, теледидар, радио, кино және т.б. құрылғылар нәтижесінде хабарлама үлкен топ адамдарының қолына түседі. Бұқаралық ақпараттың айтарлықтай кең таралуы ХХ ғасырда орын алуда, яғни оған себеп радио, теледидар, телефон, интернет және т.б техникалық құралдар қазіргі қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналуынан. Бұқаралық ақпараттар туралы көптеген тұжырымдар бар. Солардың кейбіреуі: Қоғамдағы бұқараның көзқарасы бойынша бұқаралық ақпараттар құралдарының теориясы, билік институтымен астарланып халық тағдырын шешуге атсалысады. Маркстік теория бұқаралық ақпараттар құралдарын рухани өндірістің, яғни иелік етуші класстардың сойылын соғатын құралы деп қарастырды. Әлеуметтік институттар мен бұқаралық ақпарат құралдары аудиторияларымен өзара байланыса отырып адамдарда әртүрлі қажеттіліктер, қызығушылықтар және әуестіктерін қалыптастырады. Өзіне қажетті ақпарат көзін табушы адам кейін келе оған тәуелді болады. Мысалы, жасы келген адамдарға қозғалу қиын болғандықтан олар сыртқа шығудан қалып, теледидардан берілетін бұқаралық ақпарат құралдарына тәуелді болады. Жас өспірімдер болса осылайша видеоиндустрияға тәуелді болып, өз алдына әлеуметтік топты құрайды. Коммуникациялық технологияның дамуы негізінде бұқаралық коммуникацияның жаһандануына, яғни интеграция теориясының тууына алып келеді. Бұқаралық коммуникация өзінің күрделілігімен біршама пәндер мен халықтардың өзекті мәселесіне айналуда. Бұл үдірісте маңызды ролге ие болған 1957 жылы ЮНЕСКО мен әлемнің 80 елінің 2500-ден асатын зерттеушілерінің бірігуінен құралған Халықаралық ассоциация бұқаралық ақпаратты зерттеуде. Бұқаралық коммуникацияны зерттеуде бұл ассоциация бірнеше әдісті ұсынды:
- коммуникация секциялары,
- халықаралық коммуникация,
- саяси коммуникация,
- құқық, саяси экономика, әлеуметтану және әлеуметтік психология,
- зерттеу методологиялары,
- кәсіптік білім беру,
- құжаттар мен ақпараттар жүйесі,
- коммуникациялық технологиялық саясат
Кеңес Одағында бұқаралық коммуникацияны зерттеу 60 жылдардың ортасынан бастап қолға алынса, ал Қазақстанда 90 жылдардың басынан бастап белсенді орын алды.
Бұқаралық коммуникацияның негативті әрекеттері де орын алады, яғни оған ақпарат алушылардың тез арада өз тілектері мен қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқып алуы дағдылары мен шығармашылық әлеуеттерінің құлдырауы. Бұқаралық ақпараттар құралдарының адамдар дамуына тигізер ықпалы соншалық қылмыс істеушілер алдында олардың үздіксіз үрейленуіне әкеледі. Осындай үрейлер қылмыскер жазасының ашық болуына тікелей байланысты: себебі қылмыскедің қолға түспеуі, жәбірленушінің қасіреті оларға тек үрей мен қобалжу ғана алып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында күш көрсетушілік әрекеті өте жиі кездеседі. 1957 мен 1985 жылдар аралығында АҚШ мемлекетінде теледидардан көрсетілген күш көрсетулер 4 есеге өскен. 90 жылдардың бастарында Қазахстанда да осындай тенденция байқалады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы осындай күш көрсетулердің орын алуы, адамдардың агрессивті мінез-құлықтарының пайда болуына алып келеді. Оның позитивті жақтарына білгірлікті, білуге деген құмарлықты арттыруын, сөйлеу дағдысын әсірелеуін жатқызуға болады. Бұқаралық коммуникация кең пейілділікке, достыққа, кооперация мен ұстамдылыққа. әлеуметтік ережелерді қатаң сақтауға, сонымен қатар үрей мен қобалжуды азайтуға мүмкіндік береді. Балалардың гуманистік бағыттағы киноларды көргеннен кейін құрдастарымен тілдесуі, басқа адамдарға деген адал ниетті көзқарастары арта түседі.
...