Заманауи қазақстандық қоғамдағы прагматизмнің дамуы
Автор: usentaev • Апрель 22, 2020 • Эссе • 315 Слов (2 Страниц) • 2,543 Просмотры
ЭССЕ
Заманауи қазақстандық қоғамдағы прагматизмнің дамуы
Прагматизм сөзінің дәл аудармасына келсек, «іс-әрекет» деген мағынаны білдіреді екен. Бірақ менің пікірімше, жай аудармасы арқылы бұл сөздің түпкі мағынасын аша алмаймыз. Осы сөздің мағынасын ашып, маңыздылығын түсіну арқылы, қазақстандық қоғамдағы прагматизмнің дамуы туралы айта аламыз.
«Прагматик», «прагматизм» деген сөздерді күнделікті өмірде өте көп естігенімен, оның мағынасын көбісі білмейтіні мәлім. Менің жалпы түсінігім бойынша, прагматизм – болашақтағы іс-әрекетінді қазір баспен ойлану және ақиқат пен қиялды ажырата білу. Ал прагматик – осы ереже бойынша іс-әрекет жасаушы деп түсінем.
Қазақстандық қоғамның прагматизміне келсек, өкінішке орай құлдырап жатыр. Арзан күлкі, мақсатсыз ақша шашу, қазіргі тілмен айтқанда хайп қуалау десекте артық болмас. Бұл біздің бойымызға сіңіп кеткенін ешкім теріске шығармайды. Шынындада, қаншама адамдар несиені қалай төлейтінін білмей тұрып, қымбат көлік міну немесе дүркіретіп тойын жасауға құмар. Бірақ олардың не тұрақты жұмысы, не бизнесі, не нақты өмірлік жоспары жоқ.
Осыған байланысты Абай атамыздың керемет шумығында:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
...