Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Денсаулық және медицина

Автор:   •  Март 3, 2021  •  Реферат  •  980 Слов (4 Страниц)  •  2,661 Просмотры

Страница 1 из 4

Модуль 2 Қоғам, тұлға және әлеуметтік өзгерістер
Тақырып 11. Денсаулық және медицина

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамаларын бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз.

      Гендер - әр жынысқа тән мәдениетпен байланысты көзқарас, мінез-құлық және рөлдер жүйесі.

    Гендер - әлеуметтік құрылым, қоғамның құрамына енеді . Жұмыс орны күндізгі күтімді қамтамасыз етпеген жағдайда гендер әлеуметтік құрылымға айналады. Маңыздысы, гендерлік рөлдер мен көзқарастардағы өзгерістер бір жағдайда - егер гендердің әлеуметтік қүрылымында қатарласқан өзгерістер болса ғана қоғамның өзгеруіне алып келеді. Сондай-ақ әлеуметтік құрылым өзгерсе, гендерлік рөлдер мен көзқарастар да өзгереді.

     Орта есеппен АҚШ-та әйелдер ер азаматтарға қарағанда бес жыл ұзақ өмір сүреді. Алайда әйелдер ұзағырақ өмір сүргенмен, денсаулығына байланысты, ерлерге қарағанда жиі шағым айтады. Оларды артрит, астма, диабет, катаракта және т.б. аурулар көбірек .

Мұндай айырмашылық әйел адамдар ерлерге қарағанда, мүгедектікке жиі ұшырап, қартаю кезінде өздерін жайсыз сезінетінін білдіреді. Қарттар үйіне түсетін жасы егде тартқан және көп ауруға шалдыққан әйелдердің саны ерлерге қарағанда басым.

«Әйелдер қартая бастағанша, ер адамдар ерте қайтыс болады» деген сөзді қалай түсіндіруге болады? Бұл сұрақтың жауабын биология мен қоғамнан іздеу қажет. Әйел заты өзінің ерекше гормондарына байланысты табиғатынан ер адамға қарағанда төзімдірек. Әйел адамның қажетті деңгейде азығы болып, қамқорлықты сезсе, ұзақ өмір сүру мүмкіндігі ер адамнан әлдеқайда жоғары.

   Жыныс - әйел мен ер адамдардың арасындагы биологиялық ерекшеліктердің сипаты.

Сонымен қатар биология жыныстың белгілі екі түрі бар десе, мәдениет түрлі де шексіз гендерлік рөлдер туралы айтады. Жынысына қарай әрбір адам әлеуметтік таптағы позициясына қарамастан, мейлі ол афроамерикалық немесе ақ нәсілді, қытай немесе байырғы америкалық болсын, ерекше сымбатты. Ал гендер, ол - басқа мәселе.

Жыныс пен гендер

Жынысы

Гендер

Халықтың бөлінуі

Ер адам және әйел адам (немесе аралас жынысты).

Еркек және әйел.

Негізделуі

Биологиялық сипаттамасы (хромосомалар, жыныстық гормондар. жыныстық мүшелері).

Әрбір жынысқа мәдени тұрғыдан тән ұстаным мен мінез-құлық

Себеп-салдары

Гормондар ерекшелігіне байланысты.

Гендерлік тұрғыдан әйелдерге қарағанда, ер адамдардың бойы ұзын.

Еркектердің күші көбірек.

Нашар дамыған елдерде қыздардың бойы жеткілікті мөлшерде тамақ ішпеуіненде аласа болады.

       Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді.Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кішіәрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.

...

Скачать:   txt (13.6 Kb)   pdf (193.7 Kb)   docx (19.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club