Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ислам шариғатындағы «ынталандыру» түсінігі және оның Пайғамбар сүннетіндегі көрінісі

Автор:   •  Февраль 21, 2024  •  Статья  •  1,222 Слов (5 Страниц)  •  138 Просмотры

Страница 1 из 5

Ислам шариғатындағы «ынталандыру» түсінігі және

оның Пайғамбар сүннетіндегі көрінісі

Адилбеков Айбек

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті

«Исламтану» кафедрасының магистранты

Аңдатпа: Бұл мақалада ислам шариғатының жаңа бір қыры көрсетілген. Кеңінен түсіндіретін болсақ, ислам шариғаты адамға тек құлшылықты бұйырмайды, бәлкім шариғаттың жер бетіне түсуіндегі мақсатының бірі адамды кемелдендіру, оған үміт сыйлау болып табылады. Адамның қараңғылықтан жарыққа шығуы, бойындағы жаман қылықтан арылып, кем жерін толықтырып, өзін-өзі қалыптастыруы қиынның қиыны. Осы тұста адамға үлкен жәрдем беретін құралдың бірі «ынталандыру» болып саналады. Десе де ынталандыру адамның ойлау жүйесі, психологиямен тығыз байланысты болғандықтан бұл нәзік мәселе. Сол себепті біз ынталандыру жүйесін ислам тұрғысынан қарастырып, кішігірім мақала жариялап, баяндауды жөн көрдік.

Кілт сөздер: Ислам, шариғат, дін, ынталандыру, қоғам, психология, хадис

Ынталандыру

Жұмыста, мектепте, достармен жүрген кезде немесе отбасымен бірге болғанда кейде қандай да бір нәрсе адамды іштен жегідей жеп, адамның өзін жақсы сезініп, позитивті ойлауына кедергі келтіреді.

Осындай кездерде жанымызда бізді қуаттандыратын, шабыттандырып және мақсаттарымызға жетуге талпындыратын адамның болуы өте маңызды. Ал Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.)  ынталандырулық әдістерін білетін адам әбден лайықты үміткер болар еді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шөл даланың қатал жағдайында өмір сүруге дағдыланған қалың топты жігерлендіріп, тарихта орнын ойып қалдырған, кемелдіктің шыңына шыққан қауымға айналдырды. Ол мұны қалай жасады деп ойлайсыз? Сүйікті сахабаларын қалайша жігерлендірді?

Пайғамбардың ﷺ ынталандыру әдіс-тәсілдері

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларының мінез-құлқын түзетіп, бұл өмірде олар үшін пайдалы және Алла Тағалаға жағымдырақ ету үшін әртүрлі әдістерді қолданып, ынталандырған.

Куала-Лумпур қаласындағы (Малайзия) Халықаралық ислам университетінің жалпы ғылымдар факультетінде «Мұхаммед пайғамбардың ﷺ ынталандыру әдістерінің студенттердің үлгеріміне әсері» атты зерттеу жүргізілді.

Зерттеуге когнитивтік және мінез-құлық ғылымдары саласындағы психологтар қатысты және имам әл-Бухари, Имам Муслим, Сүнан Әбу Дәуіт және Сүнан Тирмизидің хадис жинақтарындағы хадис әдебиеттеріне негізделді.

Ұзақ уақыт бойы, студенттердің үлкен тобымен жүргізілген зерттеу, сол топтың зейінінің жоғарылағанын, сыныптағы мінез-құлықтың жақсырақ екенін, жоғары бағаларды және студенттер арасындағы жанжалдың аз екенін көрсетті.

Осы мақсатта үлкен жетістікке жеткізетін Пайғамбарымыз Мұхаммедтен ﷺ қалған, кең тараған бірнеше ынталандыру әдісін ұсынуды жөн көрдік:

1. Марапаттау әдісі

Пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

«Кімде-кім бір жақсылық жасауға ниет етіп, бірақ оны орындамаса, Алла Тағала оны жақсылық деп жазады. Ал жақсылықты ниет етіп, оны істесе, Алла Тағала оны жеті жүз есе, одан да көп жасалған жақсылық деп жазады. Егер ол бір жамандық жасауға ниет етіп, оны істемесе, Алла Тағала оған бір толық жақсылық деп жазады. Егер ол ниет еткен жамандығын істесе, Аллаһ оған бір ғана жамандық жазады».[1] 

Тапсырманы орындағаны үшін сауап алу біздің оқу үрдісімізді күшейтеді, бұл хадистің қағидасына негізделген әдіс. Ынталандырулық марапаттау тәсілін дұрыс қолдану үшін адам баласы жүктелген тапсырманы уақытылы орындауы керек. Егер орындалған тапсырма жалпыға ортақ болса, онда ол жария түрде тапсырылуы керек. Дұрыс орындалмаған тапсырма үшін сын айтудан аулақ болу өте маңызды.

2. Жаман мінез-құлықтың алдын алу тәсілі

Жәрхад (Алла оған разы болсын) жамбасы ашылып қалған кезде Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның жанынан өткенін жеткізген. Пайғамбарымыз ﷺ Жәрхадқа былай деп айтты:

«Жамбасыңды жап, өйткені ол сенің әуретіңнің бір бөлігі».[2]

Біреу жаман мінез-құлқы мен іс-әрекеті үшін сынға ұшыраса, яғни басқа біреу тарапынан сыналып жатса, адам өзіне шабуыл жасалып жатыр деп сезінуі мүмкін. Жанжал мен кикілжің тудырмау үшін келесі жолы жақсы ынталандыруны беруге, оның жақсы жағын да айтуға тырысу керек. Яғни адамның тек кемшілігін ғана айтып жамандай беруге, не болмаса жақсы жағын ғана айтып мақтай беруге болмайды.

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (169.1 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club