Есеп саясаты түсінігі және құрылым
Автор: Sdil • Апрель 4, 2019 • Курсовая работа • 3,161 Слов (13 Страниц) • 1,568 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Кафедра: Экономика және учет
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Есеп саясаты түсінігі және құрылым
Орындаған:
Тексерген:
Көкшетау қ. 2019 ж.
Жоспар
Кіріспе.........................................................................................................3
1. Есеп саясатының теориялық негізі……………………........................4
1.2 Есеп саясатының мәні мен мақсаты...................................................4
1.3 Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар........
2. Есеп саясатын талдау............................................................................
2.1 Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері...............
2.2 Есеп объектілері бойынша есеп саясатын құру.................................
2.3 Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................
Қорытынды.................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………..................................................
Кіріспе
Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама» деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді. Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсыру жөніндегі тәртіптер қарастырылған. Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұғымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз. Қазақстандық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі стандарттың 2-ші тарауында: «Есеп саясаты деп - Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады», - делінген. Сонымен есеп саясаты деп - ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.
...