Ұжымдағы психологиялық климаттың жағдайын диагностикалау
Автор: Erkenaz03E • Декабрь 2, 2022 • Реферат • 514 Слов (3 Страниц) • 515 Просмотры
ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»
Акционерлік қоғамы
СРО
Орындаған: Қайырлыбек Е.Е.
Тобы: ЛД-021
Тексерген: Айтуарова А.М.
2022 оқу жылы
Тақырыбы: Ұжымдағы психологиялық климаттың жағдайын диагностикалау.
Жалпы психологиялық климат деп- ұжымдағы жұмысшылардың әртүрлі әрекеттер формасындағы тұрақты психологиялық күйін сипаттайды. Ұжымдағы психологиялық климат адамдардың эмоциясы, өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы және бірлесе атқарған жұмыстарына көңілі толуы сияқты жайларды қарастырады.
Еңбек ұжымының психологиялық климатын зерттеудің ең көп қолданылатын әдістерінің қатарына мыналар жатады:
- бақылау;
- сауалнама әдістері (сұхбат, әңгімелесу және т. б.);
- стандартталған сауалнамалар бойынша еңбек ұжымы мүшелерінің диагностикасы;
- социометриялық әдістер. Мен осы әдістердің ішінде сауалнама әдісін алдым.
Психологиялық тест
Эмоцияны басқара аласыз ба?
Мінез-құлқыңыз, темпераментіңіз, айналада болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасыңыз немесе реакцияңыз эмоцияға тікелей әсер ете алады. Бұл әсер сіз туралы хабар береді. Жаныңыз тез жаралана ма, біреу ұрысса, өзіңізді тез ақтап алғыңыз келе ме? Мұны мына тест арқылы білетін боласыз.
1. Ашуланған кезде төбелесуге дейін баратын сәттеріңіз бола ма?
А) Өте жиі болып тұрады
Ә) Жоқ
Б) Кейде
2. Деректі фильмдер мен телехикаяларды көрген кезде немесе махаббат туралы өлең оқып жатқан сәтте көзіңізге жас аласыз ба?
А) Жоқ
Ә) Кейде жылаймын
Б) Үнемі жылаймын
3. Көңіл-күйіңіздің еш себепсіз жиі өзгеріп тұратынын байқайсыз ба?
А) Ия
Ә) Өте жиі
Б) Жоқ
4. Өзге түгіл өзіңіз де тынышталдыра алмайтындай ашуланатын кездеріңіз бола ма?
А) Жоқ, барлық іс-әрекеттерімді бақылай аламын
Ә) Қатты ашулансам да, өзімді ұстай білемін
Б) Ия, ондай жағдайлар жиі болмаса да, кейде болып тұрады
5. Өзіңізді сабырлы адамдардың қатарына жатқызасыз ба?
А) Жоқ
Ә) Ия
Б) Бұл сұраққа нақты жауабым жоқ
6. Біреумен сөз таластырған кезде жиі жеңіліп қаласыз ба?
А) Әр кезде әр түрлі
Ә) Ия
Б) Жоқ, ешқашан. Мен ең дөрекі деген адамның өзін орнына қоя аламын
7. Біреумен ұрсысып жатқан кезде, төбелесіп немесе қолыңыздағы затты лақтырып жіберген кезіңіз болды ма?
А) Жоқ
Ә) Ия
Б) Білмеймін, есімде жоқ
8. Шешімді қандай сезімде болған кезде қабылдайсыз?
...