Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдағы аралас неке зардабы

Автор:   •  Ноябрь 27, 2021  •  Курсовая работа  •  1,295 Слов (6 Страниц)  •  257 Просмотры

Страница 1 из 6

Берікбай Қаламқас Бауыржанқызы

Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ филологиясы (Психология), 2 курс студенті

Ғылыми жетекші: ҚР БжҒМ профессоры, ҚР ҰҒА профессоры Асылханова М.А.

«Қоғамдағы аралас неке зардабы»

    Соңғы он күндікте елімізде, әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған бұл жағдайға бей жай қарай алмадым.Бұл жағдай- аралас неке мәселесі.Қазақ қызының нигериялық азаматқа тұрмысқа шығып,өз бақытын өзге ұлттан табуы барша қазақ елінің назарына ілікті.Бұл тұста қазақ елі жақтаушылар мен даттаушылар болып екіге бөлінді.Даттағаным емес, барлық әйел адам бақытты болуға лайық, дегенмен, заман өзгерді дей бермей неге адамның өзгергеніне мән бермеске? Біз, қазақ ұл- қыздары, асылдың сынығы,тектінің ұрпағымыз, махаббат өз алдына, жастық шақ өз алдына қан тазалығын, ұлттық құндылықтарымызды сақтай білмесек ұлт болашағы не болмақ? Жыл сайын жүз мыңнан астам жұптың некесі қиылса, оның жиырма мыңы аралас некеге тән екен. Әрине, таң қаларлық дүние емес дегенмен, аралас некенің көбеюін қалай түсінеміз?

    Меніңше, аралас некенің көбеюі – бұл қоғам экономикасының және мәдениетінің жан-жақты дамуының көрсеткіші. Адамдардың  материалдық  және  рухани  қажеттілік-терінде,  талғамдары мен өзара қатынастарында, әртүрлі халық өкілдерінің мінез-құлқы мен психологиясында оларды жақындастыратын ортақ белгілерінің қалыптасуында. Яғни, ұлтқа, текке қарап емес, материалдық ортақтастыққа, жанның еркіндігіне қарай таңдау жасау. Былайша айтқанда, патриоттық сезімге қатысы жоқ жалпы адамзаттық құбылыс. 

   [ Мәселен,кейбір қоғамдық ұйымдардың зерттеулеріне назар аударатын болсақ,  18-20 жастағы қазақстандық қыздардың үштен бірі шетелдік жігітке күйеуге шыққысы келеді екен. Бұл бойжеткендердің 50%-ы қазақ қыздары. Шетелдік азаматтармен аралас неке құрушылардың 50%-ы ресейліктердің үлесінде болса, келесі орында – Қырғызстан мен Өзбекстан. Бұл ағайындар соқа басы жұмыс іздеп келіп-ақ,  қазақ қыздарын біртіндеп құшып жатыр. Мәселен, Нұрсұлтан қаласының өзін қарасақ, құрылыста жүрген түрік бауырлардан  туып қалған жиендер жүздеп емес, мыңдап саналады. Түріктерге тоқалдыққа тиіп кетіп, басы сыймай қайтып келген қазақ қыздары қаншама?! Қуанатын жағдай емес...       Соңғы бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда тұрмыс құрмаған 350 мыңға жуық қыз бар. ] Олардың біразы мансап қуып уақытын өткізіп алса, біразы «көк етікті кездеспей, көн етіктіні менсінбей» жүргендердің бірі. Айналып келгенде бұл аралас некенің бастауы отбасында қазақы тәрбиенің жетіспеушілігіне әкеп соғатын мәселелердің бір ұшының осында жатқанын байқаймыз. Жеті атаға дейін қыз алып, қыз беріспейтін қазақтың бойжеткендерінің жат құшақты сағалап кетуіне отбасындағы ұлттық моральдың әлсіздігі үлкен себеп деп білемін.Бірінші себеп:отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілуі.Тәрбие тал бесіктен отбасыдан басталады емес пе сол себептен де бұл тәрбие ұлттық құндылықтарға толы болуы керек деп білемін.

    Екіншіден, тектілік феномені. Осы тұста Жәнібек ханмен болған оқиғаны сөзге тиек ете өтсем: [ Бірде Жәнібек хан ғұлама ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлынан «Қандай ауруды емдеу қиын?», – деп сұрағанда емші: «Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын»,-деп жауап беріпті. «Оның алдын алуға бола ма?» - деген ханның екінші сұрағына Өтебойдақ: «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өзара қыз алыспауы керек. Жеті – қазақ үшін қасиетті сан»,- деген екен. Сол кезде Жәнібек хан жеті атаға дейін үйленуге тыйым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін!» деген жарлық шығарыпты. ] Міне, даналық қараңыздаршы, ДНК-ның не екенін білмеген данышпан бабалардың әлемдегі ең қаны таза ұлт санатына жатуының бірден бір  себебі осы емес пе? Мысалы, дамыған, әлем танитын Еуропа елін айтайыншы,қазіргі танда Еуропа елдерінде тұқымның тексізденіп бара жатқанын байқаған генетик ғалымдар үш атадан үзілмей аралас некеден туған ұрпақтың белсіздікке ұшырайтынын ашып айтуда.Мұның сырын зерттеушілер – белсіз еркектер өздерінің қай ұлтқа жататындығын білмегендігімен байланыстырады. Бұл биология ғылымындағы жылқы мен есектің буданынан қашырдың дүниеге келетінін, қашырдан кейін еш ұрпақ болмайтынын еске түсіреді. Түйіп айтқанда, қандас жақын адамдардың қойындасуы мен аралас неке еуропалықтарды тұйыққа тіреуде. Міне, қараңыз, ал осы тұста қазақ елі сонау жылдар бойы  қан тазалығы мен ұлт тектілігін сақтай отырып, соны жылдар бойы біле отырып, жат жұрттықтардың етегінен ұстаған кәсіби білікті, көптілді, көрікті қаракөздеріміздің саны жылдан-жылға өсіп жатыр.Сайып келгенде, әлемдік жаһандану бізге де ауыз салды. Мұндайда «жақсыны жатқа жібермеген» бабалар ұстанымын еске түсірсем деймін. Сөзімді тұжырымдасам, қазақтың бекерден-бекерге жеті атаны сұрамайтындығы, мұның шын мәнінде генетикалық қорғаныс екендігін айтқым келеді.

...

Скачать:   txt (15.8 Kb)   pdf (91.2 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club