Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этикалық әңгімелесу

Автор:   •  Октябрь 17, 2018  •  Практическая работа  •  291 Слов (2 Страниц)  •  594 Просмотры

Страница 1 из 2

4-қосымша

Этикалық әңгімелесу

Ұстаз алғы сөзі: Мамандықты таңдау мәселесінің мазалауы өте жақсы - бұл сенің әлеуметтік және психологиялық кемелденгеніңді білдіреді. Егер саған бәрібір болса, ең жаманы сол: анаң қолыңнан жетелеп заңгерлік институтқа апарады (өйткені саған тарих «ұнайтын сияқты»), содан соң саған қағаздармен жұмыс істеу және адамдармен қарым-қатынас жасау ұнамайтындығы анықталады.

Оқушылар: Сонда мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен не істеу керек? Ата-аналарымыз да жаман мамандық таңдап бермейді. Олардың таңдап берген мамандықтарыда ертең азық болады.

Ұстаз: Мамандық ҚЫЗЫҚТЫ болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде тірі табиғат объектілерімен кездесу сен үшін қызықты болады. Егер сен техниканы ұнатсаң – онда оған деген қызығушылық инженер – конструктор немесе физик-теоретик іс-әрекеттерінде қолдау табады. Сонымен қатар кез келген мамандық адамда «кәсіби маңызды сапалар» деп аталатын сапаларды талап етеді, мысалы, корректорға зейінділік, суретшіге – бейнелік ойлау және т.б. Сондықтан, қандай да бір мамандықты таңдай отырып, сенде кәсіби маңызды сапаларға сәйкес ҚАБІЛЕТТЕР бар ма екендігін ұғыну қажет. Мамандықты таңдауда күмәнділік жағдайында, сенің қабілеттерің толығымен жүзеге асатын болса, бұл іс-әрекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізесің.

Оқушылар: Мамандықты таңдағанда біреудің ақылына жүгінген дұрыс па, әлде, өз ішкі түйсігіңе ме?

Ұстаз қорытынды сөзі: Сонымен, өз қабілеттеріңді, қызығушылықтарыңды және тұлғалық сипаттарыңды біле отырып, енді сен мамандықты емес, жоғары оқу орынын немесе факультетті таңдайсың. Сені қызықтыратын іс-әрекет түріне қандай мамандықтар және маманданулар сәйкес келетінін анықта. Бұл тек бір жақты сәйкес келулер емес (мысалы, жаңа бағдарламалар жасау үшін, «Информатика» мамандығын алу қажет). Шешім қабылдау психологиялық емес көптеген факторларға негізделуі керек: УНИВЕРСИТЕТТІҢ беделі және сайыс, достардың, ата-ананың пікірлері, оқу ақысы. Параққа ерінбей әрбір нұсқаның оң және теріс жақтарын тізіп жазып шық. Алынған мәліметтерді достарыңмен және туыстарыңмен талда. Ең соңғы таңдау тек өзіңде, өйткені мамандықты таңдай отырып, тағдырыңды таңдайтыныңды ешқашан естен шығарма. Мамандық қанағаттанушылық әкелуі (тек оң эмоциялар) және сенің (қоғамға пайдалы) мүмкіндіктеріңнің толықтай жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс.

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (87.6 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club