Эксперименттік психология
Автор: Madish • Апрель 23, 2021 • Лекция • 9,908 Слов (40 Страниц) • 773 Просмотры
ЛЕКЦИЯ 1.ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ.
І. «Эксперименттік психология» ұғымы
ІІ. Эксперименттік психологияның психология салалары арасындағы орны
ІІІ. Эксперименттік психологияның міндеттері
ІҮ. Эксперименталды психологияның қалыптасуының қысқаша тарихы
«Эксперименттік психология» ұғымы. «Эксперименттік психология» анықтамасын қалыптастырмас бұрын оның негізінде жатқан «эксперимент» ұғымының анықтамасын білу қажет.
Эксперимент (тәжірибе, сынақ) – арнайы қалыптастырылған және қадағаланатын шарттарда жүргізілетін, құбылыстар мен объектілер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға немесе олардың жаңа сапаларын анықтауға мүмкіндік беретін эмпирикалық таным әдісі.
Зерттеу әдісі ретінде «эксперимент» тар және кең мағынада түсініледі. Тар мағынасында эксперимент – бақылау, тест, әңгімелесу сияқты эмпирикалық әдістің бірі. Онда эксперименттік психология – эксперимент әдісінің процедурасы туралы ғылым деп анықталар еді. Кең мағынасында, эксперимент - арнайы шарттарда жүргізілетін кез-келген зерттеу процедурасы. Онда эксперименттік психологияны – эмпирикалық әдістердің көмегімен жүргізілетін зерттеулердің жиынтығы болар еді.
Сонымен, Эксперименттік психология – психологиялық зерттеудің теориясы мен практикасын қалыптастыратын, психологияның әдістерінің жүйесін зерттеумен айналысатын ғылыми пән. Эксперименттік психологияның зерттеу пәні – психологияның әдістерінің жүйесі.
Эксперименттік психологияның негізгі мазмұны - психологиялық зерттеуді ұйымдастыру, әдістемелерді қалыптастыру және алынған нәтижелерді өңдеу мен интерпретациялау.
Эксперименттік психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орны. Психологиялық зерттеулерде эксперимент әдісі қолданыла бастағаннан кейін, психология «нақты» ғылымдар қатарына енді. Яғни оның нәтижелерін практикада тексеруге болады, және дамуын болжауға болады. Осыған дейін интроспекция әдісі арқылы зерттеліп келген психикалық құбылыстарды өлшеу мүмкіндігі ашылды.
Ғылым | құбылыс (пәні, объектісі) | зерттейді |
психология | психика | зерттейді |
жалпы психология | психиканың жалпы заңдылықтары | зерттейді |
жас ерекшелік психологиясы | психиканың дамуы | зерттейді |
әлеуметтік психология | қоғам мүшесі ретіндегі адамның психологиялық мәселелері | зерттейді |
эксперименттік психология | психологияның әдістерінің жүйесі | зерттейді |
Психологияның кез-келген саласындағы зерттеулер эксперименттік психология бойынша білімдерді қажет етеді.
Эксперименттік психологияның негізгі міндеттері:
- Психологиялық зерттеулерде эксперимент әдісін қолдану ерекшеліктерін анықтау.
Экспериментті әдісі жалпы ғылыми әдіс. Әр ғылымның эксперимент әдісін қолдануының өзіндік ерекшеліктері бар. Психологиялық құбылыстарды зерттеуде де эксперимент әдісінің өзіндік спецификасы бар. Ол ең алдымен психология ғылымының зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Психикалық құбылыстардың ерекшеліктері:
Психика құрылымының полифункционалдылығы мен полиқұрылымдылығы. Нақты функцияны атқаратын құрылымды анықтау қиындығы
Психикалық құбылыстардың ішкі процестері мен механизмдерін тікелей бақылауға келмеуі - ойлауының деңгейі қандай
Олардың көпшілігінің кеңістіктің белгілері жоқ - Психикалық құбылыстардың сандық сипатын беру қиын. Заңдар мен заңдылықтарды анықтау үшін сандар керек. Ол үшін диагностикаллық әдістемелер қалыптастыруға тырысамыз. Ол өте қиын, әдістемелер валидті және сенімді болуы керек. Әдістеме бар болса оны сауатты түрде қолдану керек: қандай жасқа араналған, нұсқаулықты дұрыс беру, қай кезде қолдануға болады.
...