Тұлғаны зерттеудің проективті әдістері
Автор: Anar Ulykhpanova • Сентябрь 23, 2025 • Реферат • 800 Слов (4 Страниц) • 734 Просмотры
4-дәріс Тұлғаны зерттеудің проективті әдістері
1.Жеке тұлғаны зерттеудің проективтік әдістері
2.Проективтік әдістердің ерекшеліктері:
3.Проективтік әдістердің жіктелуі (Л. Франк бойынша):
4. Құрылымдаушы проективтік әдістер
5.Роршахтың "Сиялы дақтар" әдісі
6. Интерпретациялық проективтік әдістер
7.Тематикалық Апперцептивтік Тест (TAT)
8.Балаларға арналған апперцепция тесті (CAT)
9.Қарттарға арналған апперцепция тесті –
10.Розенцвейгтің "Фрустрация суреттері" әдісі
Бұл әдістер қиял мен фантазия өнімдерін талдау негізінде жеке тұлғаның ішкі әлемін, оның субъективті сезімдерін, ойларын, көзқарастарын және күтуін анықтауға бағытталған. "Проекция" терминін арнайы әдістер тобы ретінде қолдануда басымдық Л. Франкқа тиесілі. Ол өз уақытында белгілі болған, бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін бірнеше жеке тұлғаны бағалау әдістерін біріктіретін ортақ белгілерді анықтаған.
Проективтік әдістердің ерекшеліктері:
- Тапсырмалар құрылымдалмаған, бұл шексіз әртүрлі жауаптарға мүмкіндік береді;
- Стимулдық материалдар анық емес, түсініксіз және құрылымсыз, олар біртүрлі «экран» рөлін атқарады, оған зерттелуші өзіне тән жеке ерекшеліктерін, мәселелерін және күйін проекциялайды;
- Жеке тұлғаны бағалаудағы жан-жақтылық, әсіресе оның жасырын, бейсаналы және бүркемеленген жақтарын анықтау.
Проективтік әдістер бастапқыда клиникалық жағдайларда пайда болған және әлі күнге дейін негізінен клиникалық психологтардың құралы болып қала береді. Бұл әдістердің теориялық негіздеріне психоаналитикалық концепциялар мен қабылдау теориялары әсер еткен.
Қазіргі уақытта проективтік әдістер кең таралған, олардың саны артып келеді, ал олар туралы ғылыми әдебиеттер өте көп – кейбір әдістер бойынша 6000-нан астам жарияланым бар. Дегенмен, олар жиі сынға ұшырайды. Жалпы қабылданған пікір бойынша, проективтік әдістердің объективтілігі жеткіліксіз және олардың көпшілігі психодиагностикалық құралдарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейді.
Мысалы, А. Анастази бұл әдістерді психометриялық тұрғыдан әлсіз деп санайды. Әдетте, олардың негізгі кемшіліктері ретінде:
- Нормативтік деректердің болмауы немесе жеткіліксіздігі, бұл нәтижелерді интерпретациялауда субъективтілікке алып келеді;
- Көрсеткіштерді анықтаудағы объективтіліктің болмауы;
- Гомогендік және қайта тестілеу сенімділігінің төмендігі;
- Валидтілікті дәлелдеуге бағытталған зерттеулердің әдістемелік қателіктерге ұшырауы.
Алайда, бұл кемшіліктеріне қарамастан, проективтік әдістердің танымалдығы жоғары. Олардың басты артықшылығы – зерттелуші жауаптарын саналы түрде бұрмалау мүмкіндігі төмен, өйткені тапсырмалардың мақсаты жасырын болады. Сондықтан зерттелуші жауаптарын алдын ала ойластырмайды және шынайы реакция береді.
Сонымен қатар, бұл әдістер балалармен жұмыс жасауға қолайлы. Олар қызығушылық тудырып, зерттелушінің тапсырмаларға белсенді қатысуын ынталандырады. Осылайша, диагностикалық процесс кезінде зерттелушінің мотивациясын сақтауда қиындықтар аз болады.
Кейбір психологтар (Л. Каплан, Л. Кронбах) проективтік әдістерді диагностикалық емес, клиникалық құрал ретінде қарастырады. Бұл жағдайда олардың құндылығы психологтың тәжірибесіне байланысты, ал психометриялық көрсеткіштер екінші кезекке қойылады.
Проективтік әдістердің жіктелуі (Л. Франк бойынша):
1. Құрылымдаушы проективтік әдістер
Роршахтың "Сиялы дақтар" әдісі
Бұл – әлемдегі ең танымал проективтік әдістердің бірі. Оны 1921 жылы швейцариялық психиатр Г. Роршах әзірлеген. Бұған дейін психологтар черниль дақтарын қиял мен психикалық процестерді зерттеу үшін қолданғанымен, Г. Роршах алғаш рет оларды жеке тұлғаның диагностикасы үшін пайдаланды.
...