Тұлғаның қалыптасуындағы психологияның маңызы
Автор: m.a_nuralieva_ • Февраль 20, 2023 • Эссе • 439 Слов (2 Страниц) • 315 Просмотры
Нұралы Мөлдір 22-02
Эссе тақырыбы:
«Тұлғаның қалыптасуындағы психологияның маңызы»
Тұлғаның қалыптасуындағы психологияның маңызы
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен,«тұлға» деген атқа көпке дейінтие бола алмайды.Өйткені,кісі болып,ер жету үшін бала оңы мен солын,өзінің «менін» басқа «мендермен», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.
Сондықтан да нәресте,сәби,бөбектерді кісі,тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды
ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен
айналысатын, азды-копті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы,
икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары
бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы
қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз
бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын
адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан.
Оның жақсы, озық, ерен, топжарды түрлерімен қатар жауыз,
керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады.
Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны
қас, жауыз түлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше
қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады.
Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (кыз бала үшін), "Он бесте отау
иесі" (үл балалар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хак, Осы жасқа
келгенде бал дәурен балалық шақаяқталалы. Бұл - өмір талабынан,
ауқымы кең тыныс-тіршіліктентуындайтын құбылыс. Халқымыз кез
келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің
белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын
адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті,
адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы,
көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт
имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан,
адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды "имансыз",
"көргенсіз" деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі
күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған.
Кісіліктің басты белгілерінің бірі - ар-ұятқа кір келтірмеу,
намысты аякқа баспау. Қазақта "жарлы болсаң да, арлы бол"деген сөз осыған орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы,
...