Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша дәрістер курсы

Автор:   •  Апрель 9, 2022  •  Курс лекций  •  9,590 Слов (39 Страниц)  •  292 Просмотры

Страница 1 из 39

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ [pic 1]

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

УНИВЕРСИТЕТІ

Ғабдулина Мақшай Ғабдуловна

Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша дәрістер курсы

Білім беру бағдарламасы «6В01701  – Қазақ тілі мен әдебиеті» 

 

                                                               Петропавл,  2021ж.

[pic 2]

                                                           ДӘРІСТЕР КУРСЫ

№1 дәріс

Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеттері

 1. Тіл біліміне кіріспе» курсының нысаны

2. Жалпы тіл білімінің және қазақ тіл білімінің дамуы

Әдебиет:

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 2015.

2. Хасенов Ә.Тіл білімі. – Алматы, 2014.

3. Фромкин В.,  Родман Р.,  Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе - Алматы, 2018- 608 б.

1. Тіл білімі немесе лингвистика – тіл және оның заңдылықтары туралы ғылым. «Лингвистика» термині латынның  lingua – тіл сөзі бойынша жасалған. Қазақ тіл білімі қазақ тілінің жүйесін, құрылымын, ерекшелігін, байлығын, қызметін, басқа тілдермен қатынасын зерттейді.

Лингвистика тілге қатысты ірі мәселелерді қарастырады. Олардың негізгілері мыналар:

Тілдің мәні, табиғаты, қызметі. Тілдің негізгі қызметі – қатынас құралы болу. Тіл – қоғамдық құбылыс.

Тіл білімі лингвистика тарихында болған өткен-кеткен мұраларды да естен шығармайды. Сондайлардың бірі – негізі ХІХ ғасырдың бас кезінде қаланып, тіл фактілері мен материалдарын зерттеу нәтижесінде қалыптасқан салыстырмалы – тарихи әдіс. Салыстырмалы-тарихи әдістің қалыптасуына себепкер жайт – санскрит тілінің кейбір сырының ашылуы. Санскрит – ертедегі Индияның әдеби тілі. Зерттей келгенде, санскрит тілінің XVIII-XIX ғасырларда қарым-қатынас құралы болып отырған көптеген тірі тілдермен ұқсастығы бары анықталды. Осыдан кейін Азияның бірсыпыра территориясын мекендеушілер тілінен бастап, бүкіл Еуропа, Америка тұрғындары тілдерінің бәрі дерлік бір атаумен – үндіеуропа тілдері деп аталатын болды.

Тілдің құрылымы мен жүйесін зерттеу мәселесі.

Кез келген тіл – өзіндік құрылымы бар аса күрделі құбылыс. Тіл құрылымы бөлшектерге фонетика, морфология, лексика, синтаксис болып бөлінеді; тілдің құрылымы тілдің жүйесімен тығыз байланысты. Осыған орай, тілдің қалыптасқан дыбыстық жүйесі, сөз жасау, сөз қолдану, яғни лексикалық жүйесі,сондай-ақ, грамматикалық жүйесі болады.

Тіл мен ойлаудың шығуы, дамуы, әр түрлі дәуірлердегі тілдердің тіл білімінде қарым-қатынасы. Тілдің шығуы туралы сұраққа түрлі ағым, пікір, қөзқарастар белгілі.

Тіл еңбек процесінде адамдардың өзі жасаған жемісі; тілді қажеттіліктен туғызған – адамның өзі.

Тіл мен сана және тіл мен ойлаудың байланысы жөніндегі мәселе. Тіл – сананың бір бөлігі ойлаудың материалдық, практикалық жағы.Тілдің материалдылығы оның барлық единицаларының: сөздердің, сөз тіркестерінің, сөз бөлшектерінің, яғни морфемаларының дыбыстық құрамынан көрінеді. Ой мен тілдің құрылысы мен даму заңдары да бірдей емес. Ойдың құрамды бөліктеріне жататындар – ұғымдар, пайымдау, ой қорыту; ал тіл дыбыстардан, сөздерден, сөз тіркестерінен және сөйлемдерден құралады.

Тіл – тарихи құбылыс. Мұның мәнісі – кез келген тілдің бүгінгі қазіргі таңдағы қалпы бар, кез келген тілдің өткені, яғни тарихы бар деген сөз.

Тілді синхрондық тұрғыдан зерттеу – тілдің қазіргі құрылымын, жүйесін сипаттау; тілді диахрондық тұрғыдан зерттеу – оның құрылымы мен жүйесін тарихи тұрғыдан қарастыру. Бұл екеуін – синхрония мен диахронияны бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды, өйткені тілдің өткен жолын білмей, қазіргі қалпын дәл анықтап айту мүмкін емес.

Жалпы жазу атаулының шығуы. Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні бар құбылыс. Жазу  арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізуді мақсат тұтады.

...

Скачать:   txt (116.1 Kb)   pdf (354.4 Kb)   docx (112.4 Kb)  
Продолжить читать еще 38 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club