Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Сөйлеу тілінің лексикасы
Автор: aida.bolatova • Май 15, 2018 • Практическая работа • 2,218 Слов (9 Страниц) • 3,481 Просмотры
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Сөйлеу тілінің лексикасы.
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: Сөйлеу тілінің лексикасы мен жалпы халықтың әдеби тілдегі маңызын түсіндіру.
Білімділік: Лексиканың құрылымдарын ажырату.
Тәрбиелік: Сөйлеу тілінің лексикасы мен әдеби тіл лексикаының қолданысын ажырата білуге тірбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Сатылай кешенді талдау әдісі, жеке – дара, топтық, жұптық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Көрнекі құралдар: Таблицалар, тірек схемалары, оқулықтар, «Қызықты грамматика», дидактикалық материалдар т.б. интерактивтік тақта, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- дәріс бойынша баяндау;
- қосымша жаттығу жұмыстарын орындау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Қазақ лексикасының кірме сөздер?
- Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипаты?
- Жлпылама лексика дегеніміз не?
- Диалектикалық лексика және арнаулы лексика дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Сызба арқылы дыбыстың жасалу жолдарын түсіндіру;
- Дәріс жазу;
V. Практикалық жұмыстар орындау.
1. Сатылай кешенді талдау әдісі, жеке – дара, топтық, жұптық жұмыс.
Оқушылар құрастырған мәтіннін топ аралық алмастыру, жұмыстар жасау.
2. Тақтада карточка талдау, түсіндіру.
3. Кітаппен жұмыс Қазіргі қазақ тілі. А. 2004. 60-61 жаттығу
VI. Бекіту: Сабақты қорытындылау.
- Қазақтың байырғы төл сөзі?
- Қазақ лексикасындағы кірме сөздер дегеніміз не?
- Оқушылардың бір – біріне сұрақтар қойғызу арқылы,өз көзқарастарын жеткізуге дағдаландыру.
VII.Бағалау: Оқушыларды бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы:
1. Мәтін құру және тапсырма беру, орындау.
2. Өткен материалды қайталау.
Дәріс
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері
Стильаралық бейтарап лексика
Сөйлеу тілінің лексикасы
Сөйлеу я жазу үстінде сөз қалай болса солай қолданылмайды. Адам қашан да өзінің айтайын деген ойына, мақсатына лайық сөздерді халақтық лексикадан іріктеп, талғап – таңдап қолдануға тырысады. Мысалы, сөздердің күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой әр стильдің өзіне тән, оған телінді сөздермен жүйеленіп , бір бетке баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тындаушыларға лайықталып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады. Сол сияқты қарапайым заттық – логикалық ұғымы бар сөздер мен адамның сезіміне әсер ететін боялы – мәнерлі сөздердің стильдік қызметі де бір – біріне ерекше. Осыдан барып сөздердің функционалдық – стильдік қызметіне байланысты түрлері пайда болады. Сөздердің қызметіне қарай жіктелуі функционалдық стильдердің түрлерімен үйлес келіп отырады. Стильдің әр саласында сөзді дағдылы орынында тап басып қолдануды талап етеді.
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлерін мынадай кестемен көрсетуге болады:
Қазақ тілінің ұлттық (жалпыхалықтық)лексикасы
- Сөйлеу лексикасы
а) тұрмыстық қарапайым сөздер
б) варваризмдер
в) әдеби сөйлеу лексикасы
- Стильаралық бейтарап лексика
- Жазба тіл лексикасы
а) ескі дәуірдегі кітаби лексика
б) қазіргі кітаби лексика
1-3. Мәнерлі – бояулы сөздер
Тілдегі функционалдық стильдер іштей сараланып, әлденешеге бөлінгенімен, тіпті де бір-бірінен алшақ жатқан, кереғар дүние емес, олар өзара байланысты, ара жігі жылжымалы. Стильдің бір түрінен басқа стильдерге тән сөз қолданыстары кездестіруге болады. Функционалдық – стильдік салалардың негізінде жалпыхалықтық лексика жатыр. Мәселе сол жалпыхалықтық лексиканың қалай, қандай мақсатта қолданылуына байланысты.
...