Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Салыстырмалы психология

Автор:   •  Ноябрь 25, 2018  •  Реферат  •  1,028 Слов (5 Страниц)  •  948 Просмотры

Страница 1 из 5

Мінез бітістерінің алгашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмүнды, рөльді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық үжымшылдык, үстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады. Оларда мәдени мінез-қүлықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалардың мінез бітістерінің көпшілігі ересек адамдардың ісіне, мінез-қүлқына, өнегесіне еліктеу арқылы қалыптасып отырады. Сондықтан тәрбиешілердің жеке басының өнегесі, беделі балаға дүрыс із калдыратындай, үлгілі болып келу тиіс.

Бала тілінің шығуы, осының нәтижесінде оның өз маңайындағылармен біртіндеп пікірлесе алуы, мінез бітістерінің ірге тасының қалануында ерекше маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп "жаман", "болады", "болмайды" деген үғымдардың мәніне түсіне бастайды. Осы үғымдардың ішкі мәніне біртіндеп түсіну аркылы бала мінез-қүлықтың негізгі сапаларының (тәртіптілік, үстамдылық, борыш сезімі т. б.) алғашқы нышаны қалыптасады. Осы кезеңде бала өзінің және басқалардың мінез-қүлқына "өзінше" баға беруге тырысады. Экспери-менттік зсрттеулер алты-жеті жасар балалардың өз мінез-қүлқын біраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдай-дың үш-төрт жасар бөбектерде көрінбейтіндігін байқатады.

Мектеп — бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-қүлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет — олардың жан-жақты болып өсуін, мінез-қүлқының өлеуметтік мөнге ие болу жағын коздестіру. Бүл үшін мүғалім жас үрпақтың адамгершілік идеалын (мүрат) баяндайтын иманшарт принциптерін басшылыкка алып, тәрбие жүмысының жоспарын сонда котерілген мәселелердің тоңірегіне қүруы тиіс. Иманшарт мінезді қалыптастырудың да тамаша программасы. Осында корсетілген моральдық қасиеттерді бала жанына егіп, оны мінез-қүлықтың үйреншікті әдетіне айналдыру — мүғалімдер мен ата-аналар үшін абыройлы іс. Мінез төрбиесі... жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дүрыс осуіне көмек көрсету деген соз. (М. Жүмабаев).

Адамның мінез бітістерінің түрлері қаншама коп болса, бүларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері де сан алуан.

Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа болінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына эсер ету, яғни сөзбен угындыру әдісі жатады. Осы әдіс арқылы қажетті мінез бітістерінің қандай

болатындығы, бүларды қалайша тәрбиелеу кажеттігі түсіндіріледі. Оқушылардың санасына созбен үғындыру арқылы оқушылардың дуниетанымы мен сенімін, талғамы мен мүратын қалыптастыруга мүмкіндік туады. Ол үшін коркем әдебиет, газет-журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен пайдаланып отыру — мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын қүралдар. Бала мінезін тәрбиелеуде отбасының, үжымның үлы адамдардың онегесінің алатын орны да ерекше. Осы әдістердің ішінен бастылары мына төмендегілер:

1) Халқымыздың әр заманда ғүмыр кешкен ардагер перзенттерінің (Әл-Фараби, Асан-қайғы, Қабанбай, Бөгембай, Абылай, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Амангелді т. б.) үлгі-онегелеріне тәрбиелеу — осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бүлардың омір жолы, моральдық түлғасы — жоғары идеялықтың, батылдық пен ерліктің, табандылық пен үстамдылыктың, халық ісіне қалтқысыз берілгендіктің теңдесі жоқ онегелері.

Моселен, мектеп оқушыларына ерік-жігері аса күшті, іскерлігі мықты адам ретінде профессор А. А. Любищевтің омірінен нақты мысалдар келтіру, мүны үлгі-онеге ретінде үсынуға болады. Жасы сексенге келген ғалым зоология, генетика, философия, ғылымдары саласыпда 500 баспа табақтан астам (12000 бет) еңбек жазған. Оныц омірі — уақытқа деген қүнттылық, барынша

...

Скачать:   txt (14.8 Kb)   pdf (48.4 Kb)   docx (15.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club