Психология
Автор: Nurasyl Gienbai • Октябрь 6, 2022 • Доклад • 353 Слов (2 Страниц) • 208 Просмотры
Ибадулла Аслан
Психология - бұл жан туралы ғылым . Барлық адамдардың мінез- құлқын зерттейтін ілім. Дәл қазіргі заманда жетік дамып келе жатқан ғылымның бір бөлшегі . Психология адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Неліктен ? Бұл сұраққа жауап беру үшін психология ғылымы туралы бар білгенім мен білетін ақпараттарыммен бөлісіп, ары қарай осы арқылы алдағы уақытта тағыда білгім келетін ақпараттар туралы баяндағым келеді.
Мен психология туралы не білемін. Психология - бұл адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынасы және олардың байланысу кезінде болатын мінез - құлықтары. Психология ғылымы сондай – ақ адамдарға әсер ететін барлық сыртқы факторларды да зерттейді. Тек бұл ғана емес сонымен қатар адамның өзінің ішкі жан дүниесін түсінуге мүмкіндік береді. Менің түсінігімде психология ғылымы – барлық адамдардың рухани жан – дүниесін байытады. Қиын сәттерде адамның ішкі мотивтерін оятып, кез -келген ситуациядан еш қиындықсыз шығуға үлкен септігін тигізеді.
Мен психология жайлы не білдім. Психология – ол біздің өміріміздегі барлық саланы бірдей қамтуға қабілетті. Кез – келген жерде болсын біз күн сайын көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз. Ал ол үшін бізге психология көмектесетіні анық. Сондай – ақ психология кез – келген адамға өзінің қадір – қасиетін адами құндылықтарын дамытуға көмектеседі. Тағы да бір айта кететін дүние ол кейде адамды іштей мазалайтын сұрақтардың жауабын табуға да мүмкіндік береді.
Мен психология жайлы не білгім келеді. Алдағы уақытта психология ғылымының барлық саласын толықтай оқып білгім келеді. Себебі, менің оқып жатқан мамандығым үшін психология өте қажетті құрал болып табылады. Одан да бөлек әскери және әлеуметтік психология болып бөлінетін психолгия салаларын жетік оқып меңгергім келеді.
...